Ювеналды сотта «Ашық есік күні өтті»

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Солтүстік Қазақстан облысынының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында  Петропавл қаласының теміржолшылар көлігі колледжінің студенттерінің қатысуымен «Ашық есік күні» өткізілді.
Студенттер «Петропавл қаласы білім бөлімі» ММ-нің азамат А. қатысты ата-ана құқығынан айыру туралы азаматтық іс бойынша сот қарауына қатысты.
Сот отырысы аяқталғаннан кейін  сот судьясы Д.Қайратұлы студенттерге сот  жүйесінің жұмысы туралы, сот процесіне қатысушыларға қойылатын талаптар туралы айтып берді. Сот залында болу тәртібін бұзған жағдайдағы жауапкершілік туралы  түсіндірді.
Сотпен аталған іс-шаралар кәмелетке толмағандарға қатысты құқыққа, қоғамға қайшы  әрекеттердің алдын алу болдырмау мақсатында өткізіледі.

 

Источник: 
Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі маандандырылған ауданаралық соты