Архив событий

14/03/2016

Шал ақын аудандық соты жұмыс берушіден қызметкердің пайдасына жалақы бойынша қарызды өндіріп алды

14/03/2016
 Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының соты М.В.Никишинаның  «СтупинкаАгро» ЖШС-не жалақыны өндіріп алу және моральдық зиянды өтеу туралы талап арызы бойынша азаматтық істі қарады.
Еңбек шартына сәйкес талап қоюшы «СтупинкаАгро» ЖШС-не 22000 теңге лауазымдық ақымен механизатор лауазымына қабылданған. 2015 жылғы қыркүйектің аяғында жалақы бойынша қарыз 197 733 теңгені құраған.

Мамлют аудандық сотында қызметкерлер үшін семинар сабақ өткізілді

14/03/2016
 
Мамлют аудандық сотының қызметкерлерімен «Әдеп кодексін сақтау
(Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары), қызметтік міндеттерін тиімді орындау үшін, қызметтік деңгейді көтеру» тақырыбында сот қызметкерлері мен семинар сабақ өткізілді.

Қызылжар аудандық сотында «Ашық есіктер күні» іс-шарасы өтті

14/03/2016
Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық сотында  сот төрелігін жүргізудің ашықтығын және қол жетімді болуы, халыққа құқықтық көмек көрсету мақсатында бітістіру рәсімдеріне түсініктеме беру туралы «Ашық есіктер күні» іс-шарасы өткізілді.
Кездесу барысында судья Д.М.Даирова сот дауларын бейбіт жолмен өзгенің талабына көну негізінде және қарсы талапты өзара қанағаттандыру негізінде реттеуге болатыны туралы,  атап айтқанда, бітістіру рәсімдерінің бір тәсілі- бітімгершілік келісім жасауға болатынын айта кетті.

Тимирязев аудандық сотында «Медиация институтының дамуы» тақырыбына дөнгелек үстел өтті

14/03/2016
 Солтүстік Қазахстан облысының Тимирязев аудандық сотында СҚО Тимирязев ауданының         Тимирязев селолық округі апаратының өкілдерінің, кәсіби және кәсіби емес медиаторлардың, жеке кәсіпкерлердің, БАҚ өкілдерінің қатысуымен  «Медиация институтының дамуы» тақырыбына дөнгелек үстел өткізілді.