Конкурсы туралы ереже

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасы

Жалпы ережелер

Соттардың бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара тиімді ықпалдастығы – бұл қоғам мен азаматтардың мүдделерін күзетудің өркениетті қызметтестігінің моделі. Сот қызметінің басым бағыты сот ақпаратына қол жетімділік және ашықтық қағидатына сәйкес істерді қарау болып табылады. Соттардың маңызды қызметін, судьялардың жеке басының қасиеттері мен кәсіби біліктілігін танытуда бұқаралық ақпарат құралдарының алар орны ерекше.

Соттардың қызметі туралы азаматтардың ақпарат алу деңгейін көтеру, олардың тартысты оқиғаларды құқықтық әдіспен шешуге сенімін арттыру, судьялардың тәуелсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне бұқаралық ақпарат құралдарының назарын аудару, судья лауазымына білікті кадрларды дайындау мақсатында Қазақстан Республикасының Судьялар одағы, Қазақстан Республикасының Журналистер одағы, «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры Сот қызметін үздік көрсеткен журналистік жұмыстарға конкурс жариялайды.

Конкурстың номинациялары

Конкурс мынадай номинациялар бойынша өткізіледі:

а) республикалық баспасөз басылымдарында сот қызметін үздік мерзімді жарықтандыру;

б) аймақтық баспасөз басылымдарында сот қызметін үздік мерзімді жарықтандыру.

 

Конкурстың шарттары

 

Конкурсқа ұсынылатын материалдар  1 қантардан 1 желтоқсанға дейін қоса есептеген кезеңде баспасөз басылымдарында жариялануы тиіс.

Конкурсқа қатысу үшін қоғамда заңдылықты және тәртіпті нығайтудағы сот қызметі және оның рөлі, сот процесстерінің тәрбиелік және алдын-алу-профилактикалық рөлі, моральдық-адамгершілік тақырыбындағы очерктер, сот тәуелсіздігін қамтамасыз ету, олардың мәртебесін нығайту мәселелері туралы басылымдар, сондай-ақ, қоғам игілігіне жұмыс істеп жатқан Фемида қызметкерлерінің ауыр, сонымен бірге мәртебелі еңбегін ашатын журналистік жұмыстар қабылданады.

Конкурсқа қатысу үшін үміткерлер конкурс номинациясының атауы, материалдың атауы, жарияланған мерзімі, қысқаша аннотациясы, авторы туралы мәліметтер жазылған (А.Т.Ә., жұмыс орны, кәсібі, тұрғылықты жері, телефон нөмірі, электрондық адресі) өтініш (еркін, өз қолымен) ұсынады.

Өтінішке, қосымша ретінде, автор материалы жарияланған газет немесе журнал – түпнұсқада немесе редакциялық мөрмен куәландырылған көшірме, сондай-ақ электрондық нұсқада (CD-дискіде) ұсынылады.

Жұмыстар екі тілде: қазақ және орыс тілінде қабылданады.

Конкурстың қорытындысын шығару

Конкурстың қорытындысы 2014 жылғы 1-ші желтоқсанға дейін шығарылады.

Қазылар алқасы үш жүлделі орынды анықтайды және жеңімпаздарды марапаттайды.

Республикалық қазылар алқасы ақшалай сыйлықтарды мынадай мөлшерде бекітеді:

Бірінші орынға – 250 мың теңге;

Екінші орынға – 150 мың теңге;

Үшінші орынға – 100 мың теңге.

Конкурсты өткізу сұрақтары бойынша кеңестер мен анықтамаларды Солтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз орталығында: 8-7152-551140  телефоны арқылы, 715-0801@sud.kz электрондық мекенжай арқылы алуға болады.

Конкурска материалдарды «журналистік жұмыстардың конкурсына» жазуы бар белгімен келесі мекенжай бойынша ұсыну қажет: Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к., 3 үй, Солтүстік-Қазақстан облыстық соты.