Солтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасы

Жанғазин Ербол Әмірғалиұлы 1961 жылы 2 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысының Күршім ауданында дүниеге келген.

1987 жылы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген, білімі бойынша заңгер.

 Әр жылдары Шығыс Қазақстан облысы Зырян қ. прокуратурасының аға тергеушісі, Алматы қ. Әуезов ауданы прокурорының көмекшісі, ҚР Бас Прокуратурасы сот актілерінің заңдылығын қадағалау бөлімінің прокуроры лауазымдарында қызмет атқарған.

1995 жылдан бастап Алматы қалалық сотының судьясы, Алматы қ. Алатау аудандық сотының төрағасы, Павлодар облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы, Шымкент қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы болып жұмыс істеген.

ҚР Президентінің 2021 жылғы 30 қарашадағы Жарлығына сәйкес Солтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы лауазымына тағайындалды.

Үйленген, екі баласы бар.