Соттардың ашық деректерінің тізбесі

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасы

«Ашық НҚА» порталында «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) басшысының «Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, жергілікті және басқа да соттардың ашық деректер тізбесін бекіту туралы» 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 6001-16-7-6/22 бұйрығының күшін жою туралы» бұйрықтың жобасы 2021 жылғы 23 қараша және 7 желтоқсан аралығында қоғамдық талқылау үшін https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=13207026 сілтемесі бойынша орналастырылған

«Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 24 қарашадағы Заңының 9-бабының 15) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, жергілікті және басқа да соттардың ашық деректер тізбесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) Ақпараттық технологиялар және ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімі:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялануын;
      3) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелгеннен кейін Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкiнде орналастыру үшін күнтізбелік он күн ішінде «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
      4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппараты) басшысының орынбасары Қ.О. Елібаевқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы Жоғарғы
      Сотының жанындағы Соттардың
      қызметін қамтамасыз ету департаментінің
      (Қазақстан Республикасы Жоғарғы
      Соты аппаратының) басшысы                        І.Испанов

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Инвестициялар және даму
      Министрі
      _________________ А.Исекешев
      2016 жылғы 16 ақпан

Қазақстан Республикасы Жоғарғы  
Сотының жанындағы Соттардың    
қызметін қамтамасыз ету департаменті
(Қазақстан Республикасы Жоғарғы  
Соты аппараты) басшысының     
2016 жылғы 29 қаңтардағы     
№ 6001-16-7-6/22 бұйрығымен   
бекітілген            

Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, жергілікті және басқа соттар ашық деректер тізбесі

 

№ р/с Ашық деректердің атауы Жаңарту кезеңі Беру мерзімі Дереккөз (Ашық деректердің интернет-порталдың АЖО немесе мемлекеттік органдардың API жүйелері арқылы) Жауапты тұлғалар
1. Қазақстан Республикасының сот органдары және ведомстволық бағынысты ұйымдар туралы ақпарат, соттардың, соттардың қызметін ұйымдық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті және аумақтық органдардың басшылары туралы ақпарат (атауы, құрылымы, мекенжайы, телефоны, келу сызбасы, азаматтарды қабылдау режимі, анықтамалық ақпарат, геолокация көрсетіле отырып) Деректердің жаңаруына қарай Деректердің жаңарғаннан кейін айдың 10-ына қарай Ашық деректердің интернет-порталдың АЖО арқылы

Жергілікті соттардың және кеңселердің қызметін ұйымдық-құқықтық қамтамасыз ету бөлімі

 

Соттар әкімшілері басшылары

2. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының органдары туралы жалпы ақпарат жыл сайын Есептік кезеңнен кейін 30-ына қарай Ашық деректердің интернет-порталдың АЖО арқылы Жоспарлау және талдау бөлімі

3.
 
 
 

3.1. 

Қазақстан Республикасының сот жүйесі туралы жалпы ақпарат:
 

әлеуметтік сауалнаманың және республика соттарының қызметін бағалаудың нәтижелері туралы мәліметтер;

өткізілгеніне қарай нәтижесі шығарылғаннан кейін 30-ына қарай Ашық деректердің интернет-порталдың АЖО арқылы Жоспарлау және талдау бөлімі
 
3.2.  республика соттарының халықаралық шарттарды, ведомствоаралық шарттарды және халықаралық ынтымақтастық бағдарламаларын іске асыруға қатысуы туралы мәліметтер; жыл сайын Есептік кезеңнен кейін 30-ына қарай Ашық деректердің интернет-порталдың АЖО арқылы Халықаралық қатынастар және протокол бөлімі
3.3. Сот жюриінің құрамы, қалыптастырылу тәртібі және негізгі қызметі жыл сайын Есептік кезеңнен кейін 30-ына қарай Ашық деректердің интернет-порталдың АЖО арқылы Персоналды басқару бөлімі
4. Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген шектеулер ескеріле, іс санаттары (қылмыстық, азаматтық, әкімшілік), тараптар, процеске қатысушылар, қарау күндері, қаралатын орны көрсетіле отырып сот істерін қарау кестелері үнемі Апта сайын кестенің қалыптасуы және істердің түсуіне қарай Мемлекеттік органдардың API жүйелері арқылы

Соттар әкімшілері басшылары
 

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының алқа хатшылықтары

5. Әкімшілік мемлекеттік қызметкерлердің бос орындар туралы мәліметтер тоқсан сайын Есептік кезеңнен кейін 30-ына қарай Ашық деректердің интернет-порталдың АЖО арқылы

Соттар әкімшілері басшылары
 

Персоналды басқару бөлімі

 

«Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, жергілікті және басқа да соттардың ашық деректер тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) басшысының 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 6001-16-7-6/22 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының                     27-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:   

  1. «Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын  Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, жергілікті және басқа да соттардың ашық деректер тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) басшысының 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 6001-16-7-6/22 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13491 нөмірімен  тіркелген) бұйрығының күші жойылды деп танылсын.

2. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) Цифрландыру бөлімі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) басшысының жетекшiлiк ететін орынбасарына жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Департамент басшысының міндетін атқарушы

 

А. МУСРАЛИНОВ

 

 

 «КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Ақпарат және қоғамдық даму

министрлігі

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Цифрлық даму, инновациялар

және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Индустрия және инфрақұрылымдық

даму министрлігі

 

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі

________ облысының/қаласының Әділет департаменті

Нормативтік құқықтық акті 28.02.2022

Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік

тіркеудің тізіліміне № 26933 болып енгізілді

 

Результаты согласования

Верховный суд РК - Заведующий Правового отдела ДАНА ЕРТАЕВНА АСАИНОВА, 07.02.2022 18:59:10, положительный результат проверки ЭЦП

Министерство информации и общественного развития Республики Казахстан - министр информации и общественного развития Республики Казахстан Аскар Куанышевич Умаров, 11.02.2022 10:26:05, положительный результат проверки ЭЦП