Тарихтан

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасы

Тарих

1932  жылы  ақпанда  Қазақ  АКСР-ы  алты  үлкен  облыстарға  бөлінді: Алма-Ата, Оңтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Батыс Қазақстан. 

Қарағанды облысының әкімшілік орталығы Петропавл қаласы болды, осы аталған уақытта Қарағанды облыстық соты құрылды.

1936  жылы  29 шілдеде Қазақ  КСР-ның  құрамында Қарағанды облысы Солтүстік  Қазақстан  облысына   орталығы Петропавл қаласы және  Қарағанды облысының орталығы Қарағанды қаласына  бөліну нәтижесінде Солтүстік Қазақстан облысы құрылды.

1936 жылғы 01.08.-да Қазақ КСР-ның халық комиссариаты Кеңесінің Шешімімен қалыптасқан Солтүстік  Қазақстан  облыстық  сотының  жыл  санауы  Солтүстік  Қазақстан облысы жаңа әкімшілік-аумақтық бірлігі туындаған сәттен басталады.

Солтүстік   Қазақстан   облыстық   сотының  төрағасының 1936   жылғы   25   қыркүйектегі бұйрығына сәйкес облыстық сот бойынша құрылым бекітілді: істерді басқару (жалпы сектор), жаппай – ұйымдастыру бөлімі, кадр бөлімі, статистика және ақпарат бөлімі, бухгалтерия, қылмыстық алқа, азаматтық алқа, облыстық соттың президиумы.

Солтүстік   Қазақстан   облыстық   сотының   құрылған   күнінен   бастап төрағалық қызметте Дмитрий Степанович БРАГИН (1936 ж. тамыз – 1937ж. тамыз), Иван Михайлович ТЮЛЬКОВ (1937 ж. тамыз – 1941 ж. қаңтар), Федор Петрович ПИЛЯГИН (1941 ж. қаңтар - 1941 ж. маусым), Петр Ильич ЗАВАЛЕНКО (1941 ж. маусым – 1952 ж. ақпан), Борис Федорович АНЮШИН (1952 ж. қыркүйек – 1956 ж. қараша), Людмила Ивановна СОКОЛ (1956 ж. қараша – 1975 ж. қыркүйек), Татьяна Ефимовна БОРОДИНА (1975ж. желтоқсан – 1987 ж. шілде), Михаил Григорьевич ШАБАШОВ (1987 ж. шілде – 1990 ж. қараша), Жанат Рахымұлы МЕҢДІБАЕВ (1990 ж. қараша – 1994 ж. ақпан), Еркін Шәріпжанұлы ЕВЕНБАЕВ (1994 ж. наурыз – 1995 ж. қазан), Қазыкен Аманбайұлы ДОСАНОВ (1995 ж. қазан – 1997 ж. ақпан), Рахимбек Нұрмұхаметұлы МАМЫРБАЕВ (1997 ж. ақпан  – 1999 ж. қараша), Бекет Тұрғараұлы ТҰРҒАРАЕВ (1999 ж. қараша – 2009 ж. наурыз), Нұрғазы Әбенұлы ӘБДІҚАНОВ (2009 ж. наурыз – 2013 ж. желтоқсан), Мұратғали Абрарұлы ӘКЕТАЙ (2013 ж. желтоқсан - 2016 ж. маусым )  қызмет атқарды, олар еліміздің әртүрлі тарихи даму кезеңінде өңіріміздің сот жүйесінің қалыптасуына елеулі үлесін қосты. Ерлан Жұмаханұлы АЙТЖАНОВ (2016 ж. маусым-2021 ж. қараша) , ел дамуының әртүрлі тарихи кезеңдеріңде аймақтың сот жүйесінің қалыптасуына айтарлықтай үлес қосқан.       

Қазақстан  Республикасы  Президентінің  2021  жылғы  30  қарашадағы Жарлығымен Ербол Әмірғалиұлы Жанғазин Солтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы болып тағайындалды.

Қазіргі сот – тәуелсіз сот

 Солтүстік  Қазақстан  облысының  сот  жүйесінде  тәуелсіздік  жылдарында көп өзгерістер болды. Жылдан жылға соттардың судьялары мен мамандарының саны көбейе берді. Егер тәуелсіздік таңында облыс соттарында барлығы 51 судья және 98 мамандар болса, қазіргі таңда біздің облысымызда сот төрелігін 98 судья атқарып жатыр және тікелей сот өндірісінің мәселелерімен 275 мамандар айналысуда.

 «Қазақстан  Республикасының  сот  жүйесі  және  судьялардың  мәртебесі туралы» ҚР Конституциялық Заңының 37 бабында көрсетілгендей, судьялар қоғамдастығының ортақ мүдделерiн iске асыру мен қорғау мақсатында судьялардың қоғамдық бiрлестiктер құруға құқығы бар.

Судьялар одағының Солтүстік Қазақстан филиалы 1996 жылдан бері әрекет етеді.  Алғаш филиалды облыстық соттың төрағалары  Р.Н. Мамырбаев (1996 – 1999), Б.Т. Тұрғараев (2000-2003) басқарды. Кейіннен конференцияда облыстық филиалдың төрағасы болып Солтүстік Қазақстан облыстық сотының судьясы М.М. Чурбанов (2003-2005), И.З. Куанова (2005-2011) тағайындалды. Филиалды әр түрлі уақытта облыстық соттың судьялары В.А.Кириленко, А.А.Смагулов басқарды. Қазіргі таңда Судьялар одағының филиалын Солтүстік Қазақстан облыстық сотының судьясы Н.К.Нуралин басқарып отыр.

Тәуелсіз  және  өнегелі  мінсіз  судья  корпусын  құруға  барлық  уақытта  да ерекше көңіл бөлінген. Сот-құқықтық реформа жылдарында судьяларға деген адамгершілік және әдептік талаптар елеулі жоғарылады және олардың қоғам мен мемелекет алдындағы жауапкершілігі күшейді. Осыған байланысты 2001 жылы ҚР судьялары Одағының Орталық Кеңесінің Қаулысымен Судьялар одағының Солтүстік Қазақстан филиалының судья әдебі бойынша  комиссиясы құрылды. 

Аталмыш  Комиссия  қызметінің  мәні  судья  әдебінің  Кодексінде қарастырылған мінез-құлықтың моральдық-әдептік нормалары мен ережелерін барлық судьялардың сақтауы болып табылады. Комиссияның төрайымы болып облыстық соттың судьясы Г.Л. Бондаренко (2001-2002), Л.Ф. Капустина (2003), Ю.П. Иванова (2004-2007), Б.Н. Омарова (2008-2011 ж.) тағайындалды. Қазіргі таңда Комиссияның төрағасы Солтүстік Қазақстан облыстық сотының судьясы С.Е.Сапарагалиев.

 Соттың  жоғары  алқалық  органы  облыстық  соттың  жалпы  отырысы болып табылады. Судьялар сот практикаларын талқылайды және оны қорыту қорытындылары бойынша облыс соттарының сот төрелігін жүзеге асыру кезінде заңдылықтың сақталу мәселелері қарастырылады.

Сапа бағдары

Сот-құқықтық  реформаның  аясында  экономика  және  құқық  салаларына тиісті істерді едәуір сапалы қарауға бағдарланған мамандандырылған соттар құрылды. 2002 жылдың ақпан айынан Солтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты құрылып, мүліктік және мүліктік емес, сондай-ақ  корпоративтік даулар бойынша азаматтық істерді қарай бастады.

Петропавл қаласының мамандандырылған әкімшілік соты 2005 жылдың басынан бастап қызмет атқарады. Штаттың санына сай, 5 судья әкімшілік құқық бұзушылық істерді қарауға уәкілетті органдардың (лауазымды тұлға) қаулыларын даулау туралы істерді қарайды.

 «Қазақстан Республикасында кейбір мамандандырылған соттарды құру және тарату туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің  2009 жылғы  29 желтоқсандағы Жарлығына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысында аса ауыр қылмыстар туралы барлық істерді қарайтын қылмыстық іс бойынша мамандандырылған ауданаралық соты  2010 жылы өз ісін бастады.
2010 жылдың 20 қыркүйегінде өңірдің жаңа сотында негізгі  10 алқабидің және 2 қосалқының қатысуымен алғашқы сот ісін жүргізуін бастады. Аталмыш сот ісіне судья  Г.К.Бекенова төрағалық етті.

Қазақстан Республикасы Президентінің  2012 жылғы  04 ақпандағы  №266 Жарлығына сәйкес кәмелетке толмаған ауданаралық мамандандырылған соттары құрылды, оның ішінде Солтүстік Қазақстан облысының территорясында.

Қазақстан Республикасы Президентінің  2018 жылғы  10 қаңтардағы  №620 Жарлығына сәйкес мамандандырылған тергеу соттары құрылды, оның ішінде Солтүстік Қазақстан облысының территорясында.

 Сапалы сот ісін жүргізуді қамтамасыз ету мақсатында

Сот әкімшілігінің жаңа жүйесінің қызметін қамтамасыз ету және  «Қазақстан  Республикасында  құқық  қорғау  қызметі  мен  сот  жүйесінің тиімділігін арттыру жөніндегі кейбір шаралар туралы» ҚР Президентінің 2010 жылғы 17 тамыздағы № 1039 Жарлығын іске асыру мақсатында «Солтүстік Қазақстан облысы бойынша соттар әкімшісі» құрылды.

Соттардың қызметі, қоғамдағы құқықтық қатынастардың саласы сияқты, біршама әртүрлі. Судья корпусының басты міндеті сот төрелігін жүзеге асыру болса, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша соттар әкімшісінің қызметкерлері сот қызметін ұйымдастыруға байланысты жұмыстарды атқарады.
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша соттар әкімшісі Жоғарғы  Соттың,  жергілікті  және  өзге  де соттардың қызметін қамтамасыз ету бойынша органдардың бірыңғай жүйесіне кіреді. Оның негізі міндеттері – облыстық, аудандық және оған теңестірілген соттардың қызметін ұйымдастыру және материалдық – техникалық қамтамасыз ету болып табылады.

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша соттар әкімшісін Біржан Әбдімүтәләпұлы Саутов басқарады.

Жариялылық негізді

Сот төрелігінің қолжетімділігінің, ашықтығы мен  айқындылығының белгісі БАҚ-мен қарым-қатынас. Солтүстік Қазақстан облыстық соты осы бағытта үлкен жұмыс атқаруда. Сот  жүйесінің  судьялары  мен  қызметкерлері  сот  ісін  жүргізудің  жоғары мәдениетін қамтамасыз етуге, соттардың жұмысының ашықтығын және сот ақпаратына ықпал етуші түрлі шаралар өткізеді.
 2009  жылдың  12  қарашасында  Солтүстік  Қазақстан  облыстық  сотында «Соттар және БАҚ  – сындарлы сұхбат» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша ҚР Жоғарғы Сотына бейнелеу құқығы туралы нормаларды қабылдаудың даулы сәттерін түсіндіруді өтінген ұсыныстар жіберілді.

 Сот жүйесінің оң имиджін арттыру мақсатында соттар қызметіндегі ашықтықты қалыптастыру халықтың құқықтық мәдениетін көтеру облыстың барлық аудандық және оған теңестірілген соттар 2014 жылдың басынан бастап  «Сот хабаршысы» ай сайынғы басылымдар шығарады. Осы басылымдармен  әр келуші танысатын сот ғимаратының фойесінде орналастырылған. 

Жоғарғы сот сайтында тұрақты түрде қызықты және актуальді пресс-релиздер  жарияланады.

Облыстық соттың баспасөз қызметімен барлық қоғамдық-атышулы істер бойынша БАҚ-ң өкілдеріне пресс-релиздер дайындалады, сонымен қатар облыстық соттың сайтында ресми түрде жарияланады.

Осы шара ақпараттың бұрмалануын болдырмау үшін, сот ісін біржақты баяндамау үшін, сонымен қатар ақпаратты бір көзден тарату, және соттың жағымсыз имиджін жою салдары ретінде қаралып жатқан істерге жедел жауап беру тәсілі болып келеді.

Республикалық және жергілікті БАҚ-ң өкілдерімен іскерлік қатынас реттелген.  Оның ішінде және мемлекеттік «Хабар», 24 kz, «Казахстан», аймақтық «Казахстан-Петропавловск» телеарналарымен, муниципалдық телерадиоарнасы.

Облыстық сот жүйесінде барлық маңызды оқиғалар БАҚ-да жарияланады.

Заң ғылымы мен сот практикасы арасындағы байланысты  нығайту

 Солтүстік Қазақстан облыстық сотыны білім беру органы болып табылатын Оқу Орталығы бар,  облыстық сот төрағасының өкімімен құрылған облыс судьяларының үздіксіз  біліктілігін арттыру мақсатында,  сот төрелігінің сапасын жақсарту, халықаралық стандарттарды ескере отырып, одан әрі сот жүйесін жақсартуға ықпал ету.

Оқу орталығының жұмысы істердің жекелеген санаттарын қарау,  процессуалдық құжаттарды құру, заңнаманың өзгерістері,  құқық қолдану практикасында белгілі бір мәселелердің пайда болуының өзектілігі ерекшеліктерін ескере отыра жұмыс жоспарына сәйкес өткізіледі.,

Білім беру процесімен облыс судьялары қамтылады, кадр резервіне алынған үміткер судьялар,  судья жұмысының қысқа тәжірибесі бар судьялар, құқық қолдану практикасында туындаған судьяларға ерекше назар аударылады.

Оқу орталығының іс-шарасына кіреді: жеке оқу жоспарларына негізінде судьяларды жеке оқыту, дистационды оқыту, практикалық сабақтар мен семинарлар, лекциялар, дөңгелек үстелдер, тренинг-семинарлар, судьялардың тағылымдамадан өтуін ұйымдастыру, тәлімгерлікті жүзеге асыруда көмек көрсету және қажеттілікке байланысты басқа да оқыту нысандары.

 Оқу орталығымен тәлімгерлік Кеңесімен сот төрелігін іске асыруда жас судьялардың қызметі үнемі талданып отырады,олармен әдістемелік және практикалық жұмыс жеке тәртіппен жүзеге асырылады, сот төрелігін жүзеге асыру сапасын зерделеу үшін жүйелі түрде сот  актілері шолынады.

Бұдан бөлек, 3 жылға дейін еңбек өтілі бар судьялар  біліктілігін арттыру , теориялық және практикалық машықтарын алу  мақсатында Әділет институтына жіберіледі, Оқу орталығымен  өткізілетін білім беру іс-шараларында судьялыққа үміткерлердің қатысуы практикаланған, қылмыстық, азаматтық және әкімшілік құқықбұзушылық туралы істерін қарастыруы бойынша сот практикасымен танысып, оларға өздігінен оқуға арналған үлестірме материалдар беріледі.

Солтүстік Қазақстан облыстық сотымен өткізілген білім беру іс шараларының қорытындысы бойынша, заңның біркелкі қолданылуын қалыптастыруға ықпал ету, сот қателіктерін алып тастау үшін оларды соттардың және мемлекеттік мекемелердің  жұмысында қолдану үшін әдістемелік ұсыныстар әзірленуде.

Оқу орталығымен видеоконференц байланысы арқылы судьялардың және сот жүйесінің мамандарының білім беру іс-шараларына қолжетімділігін қамтамасыз ету іске асырылады, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотымен өткізілетін  видео лекцияларда аудандық және оған теңестірілген соттардың судьялардың, сонымен қатар Солтүстік Қазақстан облыстық соты ұйымдастыратын  семинарларда, дөңгелек үстелдерде, тренингтерде қатысуын қамтамасыз етеді.

Оқу орталығының жұмысы бұқаралық ақпарат құралыдарында, облыстық сот веб-сайтында барлық өткізілген іс-шараларда көрсетіледі.

Ақпараттық технологиялар

Солтүстік Қазақстан облыстық сотымен, аудандық  және оған  теңестірілген облыстық  соттар «Сот кабинеті» сервисінің қызметін дамыту мақсатында азаматтарға және олардың өкілдеріне, заңды тұлғалардың өкілдеріне осы жобаның артықшылықтары туралы түсіндіру жұмыстары және «Сот кабинеті» сервисі арқылы  құжататарды  ұсыну тәртібі бойынша белсенді жұмыс жүргізуліде.

Осы бағытта мемлекеттік мекемелердің өкілдерінің, прокуратураның, адвокатураның, банк жүйесінің, коммуналдық қызметтің, аймақ  тұрғындарының қатысуымен дөңгелек үстелдер, семинарлар, ашық есік күндері жоспарланған және өткізілген.

Оның үстіне, «Сот кабинеті» сервисі жұмысын түсіндіру бойынша мемлекеттік мекемелердің басшыларымен, облыстық Әкім аппаратының, Салық департаментінің басшысымен және сотқа электрондық форматта құжаттарды ұсыну артықшылығы жөнінде жеке кездесулер өткізілді.  Осы кездесулердің нәтижелері бойынша «Сот кабинеті» сервисі арқылы түскен құжаттар санының өсуі байқалады.

Облыстық және жергілікті теледидарда «Сот кабинеті» сервисінің жұмысы жөнінде жарнамалық рөліктер,облыстық соттың сайтында, аудандық және оған теңестірілген соттардың ақпараттық дүңгіршектерінде орналастырылды.

Қаланың қоғамдық көліктерінде «Сот кабинеті» сервисінің жұмысы жөнінде демонстрациялық рөліктер қосылды. Облыстық соттардың барлығында  «Сот кабинеті» сервисінің жұмысы жөнінде демонстрациялық рөлік моноблогы орналастырылған, кітапшалар әзірленіп, сот келушілеріне таратылады, сот мамандары «Сот кабинеті» сервисі арқылы  құжататарды  ұсыну тәртібін түсіндіреді.

Сонымен қатар аймақтық БАҚ-да аудандық және оған теңестірілген соттармен «Сот кабинеті» сервисі», «Сот кабинеті – сот органдарының қызметтеріне және онлайн сервистеріне рұқсат алудың біртұтас терезесі», «Сот кабинеті» электрондық ақпараттық сервисі арқылы электрондық құжаттарды сотқа беру, «Судебный кабинет» – полезный электронный информационный сервис для всех занятых и работающих граждан», «Порядок подачи документов в суд в электронном виде посредством электронного информационного сервиса «Судебный кабинет» тақырыбтарында мақалалар жарияланды.

Облыстың барлық соттарында электрондық ақпараттық дүңгіршек жұмыс істейді, сот келушілері сот актілерінің базасымен, сот сайтымен, имидждік бағдарлама бейнерөлікпен, «Медиация», «Сот кабинеті», «Электрондық сотқа шақыру» және т.б. бейнерөліктермен танысуға мүмкіндіктері бар.

Бірінші орын

Сот жұмысын дұрыс ұйымдастыру сот төрелігін іске асыруда табысқа жетудің негізі болып табылады.Озық технологияларды жұмысқа енгізу, қағаз құжат айналымын азайту,  мемлекеттік мекемелермен, заң және жеке тұлғалармен электрондық  хат алмасуға көшу, бұқаралық ақпарат құралдарымен  белсенді ынтымақтастық, бюрократияны жою, ұжымда тұлғаралық қатынастарды дұрыс реттеу соттардың имиджін айтарлықтай жақсарта алады.

Жоғары Сот төрағасының 2014 жылғы 20 қаңтардағы № 15  Өкіміне және 2014 жылғы 09 қаңтардағы  судьялар Одағы Орталық кеңесінің Қаулысы  негізінде облыстық және оған теңестірілген соттың жұмысын жақсы ұйымдастырағны үшін республикалық байқау жарияланды.

Осы байқауда 2014 жылдың қорытындысы бойынша  Солтүстік Қазақстан облыстық соты бірінші орын алды. Байқаудың мақсаты облыстық және оған теңестірілген сот жұмысының деңгейін көтеру, сонымен қатар ең үздік соттарды және жұмысты ұйымдастыруда тиісті деңгейде емес сотттарды анықтау, төрағалардың, кеңсе меңгерушілері  мен сот мамандарының уақытылы, сапалы және жедел түрде сот төрелегін іске асыруда жауапкершілігін арттыру, соттардың материалдық-техникалық құралдар қажеттіліктерін анықтау, ең үздік соттардың оң тәжірибесін тарату және озық тәжірибелерді енгізу.

Мемлекет басшысымен сот жүйесіне ерекше назар аударылады, жұмыс істеу үшін барлық жағдайлар жасалуда.  Егемен Қазақстанның сот жүйесінің құрылуында ел Президенті тұрды, қазіргі уақытта, оның дәйекті дана саясатының арқасында озық халықаралық стандарттарға сәйкес тұрақты жұмыс істейді.

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сот Төрағасының арқасында  жедел және сапалы  сот төрелегін іске асыруға қабілетті қазіргі уақытта республикамыздың сот жүйесі дамыған моделі болып табылады.

Бұл, ең алдымен, соттардың көмегіне жүгінетіндердің көбейгендігін, және бұл сот жүйесіне деген сенімділіктің артқандығын көрсетеді.

Жоғарғы сот бастаған еліміздің сот қауымдастығымен сот билігін нығайту үшін  шешуші қадамдар жасалады, сот төрелігінің қолжетімділігі,  айқындылығы мен ашықтықтығын қамтамасыз етуі,  істерді қарастыруда сапаны жақсарту. Іс жүргізуде және соттардың қызметін ақпараттық қамтамасыз етуде қазіргі заманғы технологияларды қолдану деңгейіне де ерекше назар аударылады.

Жоғарғы Сот Төрағасының және Қазақстан Республикасы Судьялар одағының барлық бастамалары және креативті идеялары толық көлемде қабылданады және қолданады.  Солтүстік Қазақстан облыстық соты барлық тапсырмаларды қатаң сақтайды  және сот билігін орнатуда соттардың тәуелсіздігін күшейту, олардың ашықтығы мен қол жетімділігін нығайту мақсатында дереу  жүзеге асырады.