Архив событий

25/03/2016

Істі қарау кезінде процеске қатысушыларды тиісті түрде хабардар ету мәселелерін талқылады

25/03/2016
Солтүстік Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 2016 жылдың  25 наурызында «Істі қарастырған кезде іске қатысушыларды тиісті түрде хабарландыру» тақырыбына семинарлық сабақ өткізілді.

Қызылжар аудандық сотымен семинар өткізілді

25/03/2016
 Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық соты «Сот кабинеті» арқылы талап арыздарды жолдау» тақырыбында   семинар өткізді.
Семинарға әкімдік, адвокатура, мемлекеттік кірістер  басқармасының , «Казахтелеком» АҚ, «Севказэнерго» ЖШС өкілдері қатысты.

Құрметтемеушілік білдірген үшін жауапкершілікке тартылды

25/03/2016
Ақжар аудандық сотымен ҚРӘҚБК 653бабы 1 бөлігі бойынша әкімшілік іс қаралды.
Іс материалынан, наркологиялық мекемесіне маскүнемдіктен мәжбүрлеп емделуге жіберу туралы азаматтық ісі бойынша И. аз-ты жауапкер болып, тағайындалған сот отырысына келмегені анықталды.
Істің қарауы, кейінге қалдырылды, өйткені мәжбүрлеп емделуге жіберілетін іс маскүнемдікпен ауырған тұлғасыз істі қарау мүмкін емес, яғни ҚРӘҚБК 653б. 1 б. бойынша әкімшілік құқықбұзушылық жасаған.

Қылмыстық істі басты сот талқылауында тоқтату

25/03/2016
 Солтүстік Қазақстан облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында  облыстық соттың судьясы  Г.Қ.Бекенованың, сот судьяларының қатысуымен: «Қылмыстық істі басты сот талқылауында тоқтату» тақырыбында семинар сабақ өткізілді.

Лақтырылған темекі қалдығы үшін жазаға тартылды

25/03/2016
Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының сотымен азамат Я-ға қатысты ҚРӘҚтК 434 бабы 1 б. Сәйкес әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс қаралды.
Сотпен азамат Я Солтүстік Қазақстан облысы М.Жұмабаев ауданы Ганькино а. «Славянка» дүкені маңында темекі шегіп тұрып темекі қалдығын тастады және сол қылығымен айналасындағыларға құрметсіздік көрсетіп қоғамдық орынды ластағандығы бекітілді.

Сот шешімі бойынша мәжбүрлеп емделуге жіберілді

25/03/2016
Ақжар аудандық сотымен аудандық орталық емхананың арызы бойынша И. аз-ты  мәжбүрлеп емделуге жіберу туралы азаматтық іс қаралды.
Аудандық орталық емхана өзінің арызында И. аз-ты 8 айға маскүнемдіктен мәжбүрлеп емделуге жіберуін сұрады, өйткені соңғы, сот-медициналық сараптама қорытындысы бойынша 2 формалық салынып ішетін маскүнем болып танылды.
Сонымен қатар, И. аз-ты 2006 бастап «Психикалық және мінез-құлық қынжылушылық, алкогольді ішу барысында кіріптарлық синдромымен» есепте тұр.

Бітімгершілік келісім бекітілді

25/03/2016
Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының сотына Азамат Г. Азамат К-ға  өзінің асырауына алимент өндіріп алу туралы талап арызымен жүгінді.
Сотқа дейінгі сот отырысы мәжілісінде тараптар арасында бітімгершілік келісім бекітілді.Келісім шарты бойынша талапкер Г. өзінің асырауына алимент өндіріп алу мерзімін жауапкер К.мен татуласуына  орай 1 айға азайтады және де жауапкер 2016 жылдың 31 наурызы мерзіміне дейін 2 АЕК көлемінде алимент  төлеуі қажет.

Тараптар сотта медиация келісім бекітті

25/03/2016
Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының №2 аудандық сотқа талапкер К жауапкер Р-ға қарызды өндіріп алу туралы талап арызбен шағымданды.
Сот отырының барысында, тараптардан медиация рәсімі өткізілгені туралы өтініш түсті. 

Ғ. Мүсірепов атындағы аудандық сотында медиация институтын қолдану туралы айтылды

25/03/2016
Солтүстік Қазақстан облысының Ғабит Мүсірепов атындағы аудандық сотында «Медиация туралы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Іс-шараға Ғ. Мүсірепов атындағы аудан әкімшілігінің, ІІБ  өкілдері , кәсіпқой емес медиаторлар  және « Есіл Өңірі» газеті редакциясының  өкілі қатысты.

Мамлют аудандық сотында әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы Кодексті қолдану сұрақтары бойынша дөңгелек үстел өткізілді

25/03/2016
 
Мамлют аудандық сотында «Әкiмшiлiк құқық бұзушылық  туралы Кодексті қолданудағы мәселелі сұрақтар» тақырыбында ІІБ, мемлекеттік кірістер басқармасы қызметкерлерінің қатысуымен  дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстел барысында Мамлют аудандық сотының судьясы К.А. Мәсімова республика соттары әкiмшiлiк құқық бұзушылық  туралы істерді қарағанда  05.07.2014 әкiмшiлiк құқық бұзушылық  туралы Кодексті басшылыққа алатынын атап өтті.