Архив событий

17/03/2016

«Агромашхолдинг» АҚ пайдасына 18 млн. астам берешек сома өндіріп алынды

17/03/2016
 СҚО Қызылжар аудандық соты «Агромашхолдинг» АҚ Б. есімді азаматтан айып төлем және сатыл алу-сату шарты бойынша берешекті өндіріп алу туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қарады.   
Сот 2014 жылғы 20 тамызда сатып алу-сату шартына сәйкес,  жауапкер Б. егін жинайтын комбайн: ұсатқыш, ЯМЗ -238 қозғалтқышы, егін оратын ЖЗК-9, ПЗ-3,4 платформа-жинағышы жинақтамасымен құны 27 100 000 теңге тұратын тауар сатып алғанын  анықтады.

Сотқа құрметтемеушілік білдірді

17/03/2016
 Мамлют аудандық сотында А. азаматшаға қатысты әкімшілік іс қаралды, ол азаматтық іс бойынша талапкер бола тұра, сот отырысы кезінде залдан іс бітпей, өз бетінше кетіп қалды, кетіп бара жатып сот процесіне қатысушылар мен соттың атына тіл тигізді.  Өз іс-әрекетімен А. азаматша сотқа құрметтемеушілік білдірді.

Кәмелетке толмағанның анасы 31815 теңге соммасындағы айыппұлға тартылды

17/03/2016
Солтүстік Қазақстан облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында азаматша К. қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 442 б. 3б. бойынша әкімшілік құқықбұзушылық туралы ісі қаралды.
Сот отырысының барысында 2016 жылдың 27 ақпанында 24 сағат шамасында Петропавл қаласы Қазақстан Конституциясы көшесінде   1998 жылы туылған кәмелетке толмаған К. заңды өкілдерінің қарауынсыз  үй –жайынан тыс жерде болған.

Қазахстан Республикасының антикоррупциялық тетіктері мен жолын іске асыру стратегиасы.

17/03/2016
 Солтүстік Қазахстан облысының Тимирязев аудандық сотында СҚО Тимирязев ауданының  ҚБ «Нұр Отан» партиясының өкілдерінің, Тимирязев ауданының ІІБ өкілінің , СКО сот актілерін орындау Департаментінің Тимирязев аумақтық бөлімінің өкілінің, Тимирязев ауданының мемлекеттік кірістер басқармасының өкілдерінің қатысуымен «Қазахстан Республикасының антикоррупциялық тетіктері мен жолын іске асыру стратегиасы » тақырыбына дөнгелек үстел өткізілді.

Айыртау аудандық №2 сотының бастамасымен «Гендерлік теңдік» тақырыбына дәріс өткізілді

17/03/2016
Айыртау ауданының №2 аудандықсоты Арықбалық ауылдық кітапханасында «Қазақстандағы гендерлік теңдікті қамтамасыз ету мәселелері» атты тақырыпқа дәріс өткізді. Дәріске аудандық сот мамандары, Арықбалық ауылдық кітапханасы және мәдениет үйінің қызметкерлері қатысты.
Сот кеңсесінің меңгерушісі Т.М.Григоренко өзінің мәлімдемесінде Қазақстанның гендерлік саясатқа енуінің маңызын және оның мемлекетіміздің ішкі саясатындағы басты бағыттарының бірі екенін, еліміздегі гендерлік теңдікті қамтамасыз етуді ашып айтты.