Архив событий

11/03/2016

Шетел азаматы қайыр тілеумен айналысты

11/03/2016
Петропавл қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен ҚР ӘҚБтК-нің 449 б. 3 б. бойынша әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін А. қатысты іс қарастырылды. 
Сот мәжілісінде анықталғандай, 2016 жылдың 11 ақпанында 18 сағат 00 минутта Қырғызстан Республикасының азаматы А. шетелдік бола тұра Петропавл қ. «Алтын-Арман» нарығында қайыр тілеу мақсатында қоғамдық жерлерде азаматтарға беймаза түрде әрекет етті. 

Такси жүргізушісі жолаушыларды және жүкті тасу қызметін бұзды

11/03/2016
Петропавл қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен ҚР ӘҚБтК-нің 463 б. 1 б. бойынша В.-ға қатысты іс қарастырылды.  
Сотпен анықталғандай, 2016 жылдың 12 ақпанында 15 сағат 30 минут шамасында В. Петропавл қ., Шухов-Жабаев көшелерінде “Шевроле” маркалы автокөлік құралын жүргізе тұра такси тәртібіндегі қызметін бастағаны туралы хабарлама бермей жолаушыларды және жүкті тасу бойынша қызметін жүзеге асырды, мұндай жағдайда хабарламаны беру жергілікті орындаушы органға бекітілген формада беру міндетті.

21 жасқа келмеген азаматқа алкоголь өнімін сату

11/03/2016
Ақжар аудандық сотымен ҚРӘҚБК 200б. 1б. бойынша М. қатысты әкімшілік іс қаралады.
СҚО Ақжар ауданы Ленинград селосында, 1995ж. 17.04. туған Б.-ға, М. яғни 21 жасқа толмаған 1 литр «Жигулевское» сырасын сатқан.
Ақжар аудандық сотының қаулысымен азаматша М. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 200 бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танып, 21210 теңге мөлшерінде мемлекет кірісіне айыппұл және 1 айға іс әрекеті тоқтату жазасы тағайындалды. Сот қаулысы заңды күшіне еңген жоқ.

Қоғамдық тәртібін бұзғаны үшін жазаланды

11/03/2016
Ақжар аудандық сотымен ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабының 4 бөлігі бойынша Т. қатысты әкімшілік іс қаралды.
Іс материалдарына сәйкес, 2016 жылдың 20 –шы ақпанында 23 сағат аралығындаазамат Т.  мас күйінде СҚО Ақжар ауданды Талшық селосында жүрген, ол бұрын осыған ұқсас құқықбұзғаны үшін 1 жылдың ішінде 2 рет жазаға тартылған.

Шемішкенің қабығын тастады

11/03/2016
Петропавл қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен ҚР ӘҚБтК-нің 434 б. 1 б. бойынша әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін П.-ға қатысты іс қарастырылды. 
Сотпен анықталғандай, 2016 жылдың 5 ақпанында сағат 10:50 шамасында Петропавл станциясының үшінші темір жол платформасында бола тұра шемішкенің қабығын тастады, осылайша ұсақ бұзақылық жасады.  

Мас жүргізуші ЖКО жасады

11/03/2016
 Тимирязев аудандық сотында ҚР ӘҚБтК 608 бабының 6  бөлігі бойынша азамат  Г  қатысты ісі қаралды.
Істі қарастыру барысында 2016 жылдың 26 қантарында 17 сағат 30 минута Тимирязев а. азамат Г. көлік құралдарын менгеруге құқығы болмасада, алкогольдік күйінде «BMW» маркалы автокөлік пен жүргені анықталды.  Солға бұрылу кезінде Г  қарсы бағыта қозғалып келе жатқан «Ауди В-4» маркалы автокөлігін жүргізіп келе жатқан азамат Б автокөлігіне закым келтірді.