Архив событий

16/03/2016

Аққайың аудандық сотында «Қазақстан Республикасында Гендерлік теңдік» атты «дөңгелек үстел» өткізілді

16/03/2016
Судьялардың, сот мамандарының, прокуратура өкілдерінің, адвокаттар алқасының қатысуымен СҚО Аққайың аудандық сотында «Қазақстан Республикасында Гендерлік теңдік» атты «дөңгелек үстел» өткізілді.

Ювеналдық сотта бала асырап алу туралы сұрақтар талқыланды

16/03/2016
Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында облыстық соттың судьясы А.А.Смағұловтың, сот судьяларының, Петропавл қаласы прокуратурасының, Солтүстік Қазақстан облысы аудандарының білім бөлімдерінің және Петропавл қаласы қорғаншылық және қамқоршылық функцияларын атқаратын органдар өкілдерінің қатысуымен «Бала асырап алу туралы істер бойынша  өзекті сұрақтар» тақырыбында семинар сабақ өткізілді.

Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының №2 аудандық сотында «Ашық есік күні» өткізілді

16/03/2016
Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының №2 аудандық сотында «Ашық есік күні» өткізілді, оның барысында «Сот кабинеті» сервисі арқылы талап арызды тапсыру» тақырыбымен семинар өткізілді. Семинардың жұмысында судьялар мен сот қызметкерлері, медиатор, прокуратура, ішкі істер органы, адвокатура өкілдері қатысты.
Бұл тақырып бойынша баяндамамен Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының №2 аудандық сотының кеңсе меңгерушісі Қ.Р. Исмагулова шықты.

Қазақстан Республикасының әкімшілік іс жүргізу кодексінің жобасын талқылау

16/03/2016
 
Петропавл қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қозғау және қарастыру тәртібі» тақырыбында сот судьяларының, прокуратура өкілдерінің, СҚО бойынша қаржылық бақылау инспекциясының, көші-қон басқармасының, Петропавл қ. ішкі істер органдарының, СҚО Әділет Департаментінің, СҚО бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің, СҚО бойынша жер инспекциясы басқармасының қатысуымен «дөңгелек үстел» өтті. 

Дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімі

16/03/2016
Мамлют аудандық сотымен «Дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімі» тақырыбында адвокаттардың, әкімдік заңгерлерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.  
Дөңгелек үстел барысында судья Л.Л. Сафатова сот отырысына дайындық кезеңінен бастап сот тараптарға татуласу келісімі құқығын түсіндіруге міндетті екенін атап өтті, өйткені бұл азаматтық сотісінжүргізу міндеттерінің бірі болып табылады. Кодекске сәйкес талап қоюшыға  төлеген мемлекеттік бажды оған бюджеттен қайтарылатыны түсіндіріледі.