Архив событий

30/03/2016

Былапыт сөйлегені үшін сот айыппұл тағайындады

30/03/2016
Солтүстік Қазақстан облысы  Шал ақын аудандық сотымен азамат А-ға қатысты  ҚР ӘҚБтК 434 б. 1 б. бойынша әкімшілік құқыбұзушылық  туралы ісі қаралды.
Сотпен азамат А. азаматша Б.-мен сөзге келіспеу барысында оған былапыт сөйлегені анықталды.
Сот қаулысымен  азамат А.  әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны үшін  кінәлі деп танылды және  оған он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, яғни 21 210 теңге  сомасында  айыппұл салынды.
 

Дау партисипативтік процедура тәртібінде реттелді

30/03/2016
Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша аудандық сотымен ШЖҚ КМК «Тайынша жылу» талапкер А. азаматшаға жылу қуатын алғаны үшін қарызды өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралынды.
Сот мәжілісінде тараптар партисипативтік процедура тәртібінде дауды реттеу туралы келісім бекіту туралы өтініш білдірді, өтініш ішіндегі шарт: жауапкер А. 2016 жылдың 30 тамыз айына дейін сәйкестік сомманы төлеуге міндетті, ал талапкер жауапкерге талап етілген арыздан бас тартады.

Миграциялық заңнаманы бұзу үшін айыппұл салынды

30/03/2016
Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов аудандық сотында ҚР-нің Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 517 б. 2 б. бойынша РФ азаматша П.  қатысты әкімшілік іс қаралды.  
Сотта 2016 жылғы 20 наурызда Ресей Федерациясының П. азаматшасымен Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзылуы ашылды, мерзімдерден астам уақыт ішкі істер органдарында тіркеуден өтпей Қазақстан Республикасында болуынан.

Қайыршылық үшін қайталап жазаланды

30/03/2016
Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық сотымен ҚР ӘҚбК 449 б, 2 т. бойынша Р.есімді азаматшаға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс  қаралды. 
Сот 2016 жылғы 17 наурызда Р.есімді азаматша Қызылжар ауданы Знаменское селосы «Вагнер» дүкенінің жанында өтушілерден азық-түлікке ақша сұраған, яғни, бұрын ұқсас құқық бұзушылық үшін жазаланғаны бола тұра, қайыршылықпен айналысқанын анықтады.
Сот қаулысымен Р.есімді азаматша әкімшілік құқық бұзушылық жасады деп танылды, 1 (бір) тәулік мерзімге әкімшілік қамау түрінде жазаға тартылды.

Мәжбүрлеп емделуге жіберілді

30/03/2016
Уәлиханов аудандық сотында «Уәлиханов ауданының аудандық орталық аурухана» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының азамат Ж-ны маскүнемдіктен мәжбүрлеп емдеуге жіберу туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.
Сотта азамат Ж. тұрғылықты мекені бойынша жағымсыз жағынан сипатталады, алкогольды ішімдікті шамадын тыс пайдаланып, қоғамдық орындарда ішімдік ішкені үшін бірнеше мәрте әкімшілік жауапкершілікке тартылған, көршілерінің тарапынан әрдайым шағым түседі.

Петропавл қаласының № 2 сотында сот отырысының хатшыларына семинар өткізілді

30/03/2016
Солтүстік Қазақстан обылысы Петропавл қаласының № 2 сотында сот отырысының хатшыларына, кеңсе меңгерушінің қатысуымен, «аудио – видеобейне жазу жүйесін қолдану арқылы сот отырысының хаттамасын даярлау»: тақырыбына семинар өткізілді.