Архив событий

02/03/2016

К азамат маскүнемдіктен мәжбүрлеу түрде емделуге жіберілді

02/03/2016
Ғабит Мүсірепов атындағы № 2 аудандық сотымен «Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының орталық аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқында Коммуналдық Мемлекеттік кәсіпорнының арызы бойынша, К азаматты маскүнемдіктен мәжбүрлеу түрде емделуге жіберу туралы азаматтық іс қаралды.  

3 тәуліктік қамақ

02/03/2016
Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданының № 2 аудандық соты ҚР ӘҚБтК-нің 73 бабының 1-бөлігі бойынша құқықбұзушылық жасағаны үшін,  азамат «Л-ға» қатысты әкімшілік іс қарады.
Сотта анықталғандай, азамат «Л» 24.02.2016 жылы өз үйінде, мас күйінде бола тура, үй тыныштығын бұзып, яғни  әйнек терезесін сындырып және өзімен азаматтық некелес азаматшаға былапыт сөйлеп, сыйламаушылық көрсеткен.
Азамат «Л» сот отырысында өз кінәсін толығымен мойындады.

10 АЕК көлеміндегі айыппұлға тартылды

02/03/2016
Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының №2 аудандық сотымен Л. есімді азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-і 434-бабының 1-бөілігі бойынша әкімшілік іс қаралды.
Сотпен 2016 жылдың 11 ақпанында Л. есімді азаматтың қоғамдық жерде бола тұра, темекі тартып болған соң, оның тұқылын дүкеннің қасына лақтырып тастағандығы, яғни ортақ пайдалану орындарын ластағандығы анықталды.

Алкоголь өнімін сатқаны үшін сот айыппұл белгіледі

02/03/2016
 СҚО Қызылжар аудандық сотымен ҚР ӘҚбК 282 б, 3. б, 4б. көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасады деп танылған ,  А. есімді азаматшаға қатысты әкімшілік іс қаралды. 
Сот 2016 жылғы 06 ақпанда  А. есімді  азаматша Қызылжар ауданы Якорь селосында  «Елена» дүкенінде К. есімді азаматқа «Пшеничная»  сыйымдылық өлшемі 0,5 литр арақ  шөлмегін сатқанын, ҚР Үкіметімен белгілеген, алкоголь өнiмiнiң ең төмен бөлшек сауда бағасынан төмен сатып, алкоголь өнімі айналымның  шартын  бұзғандығын  анықтады.