Архив событий

28/03/2016

Кәмелеттік жасқа толмаған Т. студенттердің атына былапыт сөз балағаттаған

28/03/2016
Есіл аудандық сотында Т-ға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434- бабы 1-бөлімі бойынша әкімшілік іс қарастырылды.
Сотпен 2016 жылдың 10 наурызы Есіл ауданы Покровка селосында кәмелеттік жасқа толмаған Т. кешкілік уақытта Ж.Кизатов атындағы Есіл аграрлық колледжінің жатақханасында  студенттердің атына былапыт сөз балағаттағаны анықталды.
Соттың қаулысымен Т-ны әкімшілік құқық бұзғандығына кінәлі санап, оған 10 АЕК яғни 21210 теңге көлемінде мемлекет пайдасына әкімшілік айыппұл салынды. 

Қызылжар аудандық сотында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңы талқыланды

28/03/2016
Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық сотымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңын талқылау» тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстел жұмысына прокуратура, Қызылжар ауданның ішкі істер басқармасының, әкімдік, адвокатура, мемлекеттік кірістер  басқармасының , «Казахтелеком» АҚ, «Севказэнерго» ЖШС өкілдері ,сот мамандары қатысты.

Бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған тұлғаны жұмысқа қабылдаған үшін 100 АЕК мөлшерінде айыппұл

28/03/2016
СҚО Қызылжар аудандық сотымен ҚР ӘҚбК 681 б. көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасады деп танылған Б. есімді азаматқа қатысты әкімшілік іс қаралды. 
Сот Б. есімді  азамат «Рощинск ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде лауазымды тұлға бола тұра,  Пеньково селосының мәдениет үйінің меңгерушісі, сондай-ақ 0,5 еңбекақы мөлшерінде  Пеньково ауылдық  мәденит үйінің мәдени ұйымдастырушысы лауазымына  бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған Т. есімді азаматты жұмысқа қабылдағанын  анықтады.

Талап қою арызын қабылдау

28/03/2016
 Солтүстік Қазақстан облысының  кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында  облыстық соттың судьясы А.А.Смағұловтың, сот судьяларының  қатысуымен «Талап қою арызын  қабылдау» тақырыбында семинар сабақ өткізілді.