Солтүстік Қазақстан облыстық сотында ақпараттық технологиялармен танысу бойынша «Ашық есік күні» өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Іс-шараға М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінен заңгер мамандығының студенттері мен оқытушылары қатысты.
Іс-шараны облыстық сот кеңсе меңгерушісінің м.а. Айгүл Бралина ашты. Ол ақпараттық технологияларды қолдану сот төрелігін іске асыру процесін жеңілдететінін, сот іс жүргізуін оңтайландыратынын және автоматтандыратынын, бюджет қаражатын үнемдейтінін атап өтті.
Ақпараттық технологиялар және ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімінің басшысы Магамед Дудаев қазіргі уақытта пайдаланушыларға қол жетімді Жоғарғы Соттың сервистері туралы айтып берді. Олардың ішінде ең танымалы «Сот кабинеті» сервисі болып табылады. Қазіргі кезде «Сот кабинеті» сервисі арқылы сот іс жүргізуінің барлық бағыттары бойынша электрондық түрде 50 астам қызмет түрі көрсетіледі.
Осылай, мысалы Солтүстік Қазақстан облысы соттарына жылдың басынан 30000 астам құжат келіп түсті, оның ішінде 14000 астамы талап қою арыздары (арыздар), 10000 астамы әкімшілік істер және 1300 астамы өтініштер мен басқа құжаттар. 
Одан басқа, «Ашық есік күніне» қатысушылар сот қызметінің негіздері, сот процестерінің аудио-бейнетіркеуін қолдану, бейнеконференция байланысы жүйесімен танысты.
Одан әрі студенттер мен оқытушыларға арнап сот ғимараты бойынша экскурсия ұйымдастырылды. Қонақтар Солтүстік Қазақстан облыстық сотының мұражайына, баспасөз орталығына барды, азаматтық және әкімшілік істер бойынша сот отырыстарына қатысты.

 

Қайнар: 
Солтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі