Жаңалықтар

«ӘРПК-те дауларды сотқа дейін шешу тәртібі» тақырыбында вебинар өткізілді

25/04/2024
«Атамекен» облыстық Кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп «Кәсіпкерлерге арналған вебинар» онлайн жобасының алаңында «ӘРПК-те дауды сотқа дейін реттеу тәртібі» тақырыбында вебинар өтті.
СҚО МАӘС судьясы Т.Вьюхова, кәсіпкерлер құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес төрағасы И.Қуанова сөз сөйледі.

Сәбит Мұқанов атындағы облыстық кітапханада «Қазақстан Республикасының «Азаматтардың төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Заңын соттардың қолдануы» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті

24/04/2024
«Дөңгелек үстел» Солтүстік Қазақстан облыстық сотының судьясы Т.Ларинаның, Петропавл қаласының №2 сотының төрағасы Е.Ибраевтың, сот судьялары А.Девяткинаның, Д.Испаеваның, Солтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының төрағасы Б.Е.Мұстафиннің, сот судьясы Г.Б.Даниярованың қатысуымен өтті.
Іс шараға филиалдарының өкілдері, қаржы менеджерлері, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер органдарының өкілдері, жеке сот орындаушылары, сондай-ақ заң консультанттары қатысты.

Солтүстік Қазақстан облыстық сотында тағайындалған судьяларды таныстырды

23/04/2024
Солтүстік Қазақстан облыстық сотында өткен жалпы отырыс барысында Мемлекет басшысының 2024 жылғы 19 сәуірдегі №523 Жарлығымен тағайындалған судьялар таныстырылды.
Жарлыққа сәйкес Ақжар аудандық сотының судьясы болып Ниган Арман Қайроллаұлы, Аққайың аудандық сотының судьясы болып  Кәкімова Айжан Ерсайынқызы, Солтүстік Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы болып Бекқожинов Айдарбек Арыстанбекұлы, Петропавл қаласының №2 сотының судьясы болып  Жүсіпова Бағдат Бейсенқызы тағайындалды.

Солтүстік Қазақстан облыстық сотында террористік сипаттағы қауіп туындаған жағдайдағы іс-қимылдардың алгоритмі бойынша семинар өтті

23/04/2024
Сот ғимараттарының және олардың аумағының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі семинарға БКБ арқылы аудандық және оған теңестірілген соттардың әкімші басшылары, мамандары, сот ғимараттарының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін күзетшілер қатысты.
Ішкі қауіпсіздік бөлімінің басшысы Амангелді Айтпаев террористік шабуыл қаупі кезіндегі, күдікті заттар табылған жағдайдағы, тұтқынға алу және өрт кезіндегі іс-қимыл алгоритмдері бойынша ақпаратты қатысушылардың назарына жеткізді.

Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында мемлекеттік тілдің қолдану мәселесі талқыланды

18/04/2024
«Мемлекеттік тіл туралы» тақырыбындағы «дөңгелек үстел» жұмысына мамандандырылған ауданаралық экономикалық сот төрағасы  Б.Баймаханов, судья А.Досаева, Петропавл қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының бас мамандары – Д.Қапез, А.

Оқушылар аудандық сотқа экскурсиямен келді

17/04/2024
Уәлиханов аудандық сотымен Кішкенекөл орта мектебінің 10 сынып оқушыларына ашық есік күні өткізілді.
Кездесуді Уәлиханов аудандық сотының әкімші басшысы Асель Боранбаева өткізді.
Кездесу барысында оқушылар әр-түрлі тақырыптар бойынша сұрақтарды қойды, сотта қаралатын істер жайлы сұрады, сонымен қатар, судьяға қойылатын талаптар бойынша.
Оқушыларға,  басшы А.Боранбаева процессті аудио-видео тіркеу құрылғымен жабдықталған сот отырысының залында экскурсия өткізді.
Баяндаушы бас маман-сот отырысының хатшысы Нурсултан Жунусов

Сыбайлас жемқорлық үшін сотталды

16/04/2024
Солтүстік Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында (әрі қарай - СҚО ҚІЖМАС), аса ірі мөлшерде пара алғаны үшін О.-ға, параны алуда делдал болғаны үшін К.-ға  және пара бергені үшін С.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.
 
Сот нені анықтады
 
2022 жылдың шілдесінен тамызы аралығында «ПЗТМ» АҚ (әрі қарай - АҚ) және жеке кәсіпкер С.-ның арасында мемлекеттік қорғау тапсырысына жалпы сомасы 283 360 000 теңгеге сату - сатып алу келісім шарты жасалды.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды

16/04/2024
Петропавл қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған сотымен азамат Р.-ға қатысты Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігімен қарастырылған әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралып, нәтижесінде ол кінәлі деп танылып, сот шешімімен 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алу түріндегі әкімшілік жазаға тартылды.

Петропавл тұрғыны «Tik-Tok» желісінде жалған ақпарат жариялағаны үшін жазаланды

16/04/2024
Петропавл қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған соты  Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 456-2-бабының 3-бөлігімен азамат А-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарап, нәтижесінде сот қаулысымен кінәлі деп танылып, оған 73 мың теңге айыппұл түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды.
«Онлайн-платформалар туралы» заңға сәйкес, пайдаланушылар орналастырылған және таратылатын контенттің дұрыстығын тексеруге, жалған ақпаратты орналастырмауға немесе таратпауға және шындыққа сәйкес келмейтін ақпаратты жоюға міндетті.

Сот актісін орындамағаны үшін сотталды

16/04/2024
Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша аудандық соты Д.-ны сот актісін орындамағаны үшін соттады.
 
Сот нені анықтады
«Тиолайн» ЖШС «Обуховский горно-обогатительный комбинат» ЖШС (бұдан әрі – «ОГОК» ЖШС) мүліктік кешенінің меншік иесі болып табылады. 2017 жылдан бастап «Тиолайн» ЖШС мен «ОГОК» ЖШС құрылтайшылары арасында дау туындады.

Беттер