Архив событий

16/04/2024

Сыбайлас жемқорлық үшін сотталды

16/04/2024
Солтүстік Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында (әрі қарай - СҚО ҚІЖМАС), аса ірі мөлшерде пара алғаны үшін О.-ға, параны алуда делдал болғаны үшін К.-ға  және пара бергені үшін С.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.
 
Сот нені анықтады
 
2022 жылдың шілдесінен тамызы аралығында «ПЗТМ» АҚ (әрі қарай - АҚ) және жеке кәсіпкер С.-ның арасында мемлекеттік қорғау тапсырысына жалпы сомасы 283 360 000 теңгеге сату - сатып алу келісім шарты жасалды.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды

16/04/2024
Петропавл қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған сотымен азамат Р.-ға қатысты Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігімен қарастырылған әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралып, нәтижесінде ол кінәлі деп танылып, сот шешімімен 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алу түріндегі әкімшілік жазаға тартылды.

Петропавл тұрғыны «Tik-Tok» желісінде жалған ақпарат жариялағаны үшін жазаланды

16/04/2024
Петропавл қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған соты  Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 456-2-бабының 3-бөлігімен азамат А-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарап, нәтижесінде сот қаулысымен кінәлі деп танылып, оған 73 мың теңге айыппұл түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды.
«Онлайн-платформалар туралы» заңға сәйкес, пайдаланушылар орналастырылған және таратылатын контенттің дұрыстығын тексеруге, жалған ақпаратты орналастырмауға немесе таратпауға және шындыққа сәйкес келмейтін ақпаратты жоюға міндетті.

Сот актісін орындамағаны үшін сотталды

16/04/2024
Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша аудандық соты Д.-ны сот актісін орындамағаны үшін соттады.
 
Сот нені анықтады
«Тиолайн» ЖШС «Обуховский горно-обогатительный комбинат» ЖШС (бұдан әрі – «ОГОК» ЖШС) мүліктік кешенінің меншік иесі болып табылады. 2017 жылдан бастап «Тиолайн» ЖШС мен «ОГОК» ЖШС құрылтайшылары арасында дау туындады.