Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Петропавл қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған сотымен азамат Р.-ға қатысты Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігімен қарастырылған әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралып, нәтижесінде ол кінәлі деп танылып, сот шешімімен 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алу түріндегі әкімшілік жазаға тартылды.
2024 жылғы 15 сәуірде сағат 15:00 шамасында Петропавл қаласында Назарбаев көшесі, 112 мекенжайы бойынша облыстық Қызылжар мешітінің фойесінде қоғамдық орында азамат Р. мешіттегі адамдардың көзінше жанжал шығарып, азаматтарға  дөрекі түрде тиісіп, мешіттің имамы М.-ны бетінен жұдырықпен 2 рет ұрған, сол арқылы ұсақ бұзақылық жасап, өзгелерге сыйламаушылық танытып, қоғамдық тәртіпті және жеке адамдардың тыныштығын бұзатын әрекеттер жасаған.
Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігінің санкциясы жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуды не бес тәуліктен он бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуды көздейді.
Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.
Источник: 
Петропавл қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған соты