Петропавл тұрғыны «Tik-Tok» желісінде жалған ақпарат жариялағаны үшін жазаланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Петропавл қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған соты  Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 456-2-бабының 3-бөлігімен азамат А-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарап, нәтижесінде сот қаулысымен кінәлі деп танылып, оған 73 мың теңге айыппұл түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды.
«Онлайн-платформалар туралы» заңға сәйкес, пайдаланушылар орналастырылған және таратылатын контенттің дұрыстығын тексеруге, жалған ақпаратты орналастырмауға немесе таратпауға және шындыққа сәйкес келмейтін ақпаратты жоюға міндетті.
Онлайн платформалар туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауапкершілікке әкеп соғады.
«Tik-Tok» желісінде  жарияланған және таратылған ақпарат жалған болып шықты және расталған жоқ.
А. «Тик-Ток» парақшасында Петропавл қаласына су келгенде екі баланың қаза тапқаны туралы ақпаратты өшіріп тастаған.
Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.
Источник: 
Петропавл қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған соты