Сыбайлас жемқорлық үшін сотталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Солтүстік Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында (әрі қарай - СҚО ҚІЖМАС), аса ірі мөлшерде пара алғаны үшін О.-ға, параны алуда делдал болғаны үшін К.-ға  және пара бергені үшін С.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.
 
Сот нені анықтады
 
2022 жылдың шілдесінен тамызы аралығында «ПЗТМ» АҚ (әрі қарай - АҚ) және жеке кәсіпкер С.-ның арасында мемлекеттік қорғау тапсырысына жалпы сомасы 283 360 000 теңгеге сату - сатып алу келісім шарты жасалды.
Орындаушы директор К.-ның жәрдемі арқылы әрекет ете отырып, АҚ бас директоры О. жалпы қамқорлық және келісім шарттарды кедергісіз орындау үшін  С.-дан 45 000 000 (қырық бес миллион) теңге сомасында пара талап еткен.
С. шын мәнінде келісім шарттарды орындау кезінде кедергі келтіру мүмкіндігінен күдіктенгендіктен келісіп, делдал К. арқылы О.-ға аталған соманы берген.
Сотталушылардың кінәсі С.-ның кінәсін мойындаумен, құжаттық дәлелдемелермен анықталды.
 
Тараптардың ұстанымы
Прокурор айыптауды қолдап, сотталушыларды бас бостандығын айыруға соттауды сұрады.
Сотталушы О. өз кінәсін мойындаған жоқ және оны ақтауды сұрады.
Сотталушы К. оның іс әрекеттерін Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 4-бөлігі бойынша, яғни алаяқтық ретінде саралауды, шартты жаза беруді сұрады.
Сотталушы С. оны қылмыстық жазадан босатуды сұрады, тиісті органға  өзінің пара бергені туралы өз еркімен хабарлағанын айтты.
Қоғаушылар сотталушылардың ұстанымын қолдады.
 
Сот бойынша сотпен шығарылған шешім
ҚК-ның 366-бабының 4-бөлігінің санкциясы 10 жылдан 15 жыл аралығында бас бостандығынан айыру түрінде жазаны көздейді.
Сот О - ның жауапкершілігін жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ.
Сот үкімімен О. ҚК-ның 366-бабы 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды және оған 11 (он бір) жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Сот К.-ның іс-әрекетін ҚК-нің 28-бабының 5-бөлігі, 366-бабының 4-бөлігінен өзінің қызмет бабын пайдалана отырып пара беруде делдал болу ретінде ҚК-ның 368-бабының 2-бөлігіне қайта саралады.
ҚК-ның 368-бабының 2-бөлігі айыппұлдан басқа алты жылға дейінгі мерзімде бас бостандығанан айыру түріндегі жазаны қарастырады.
Сот К.-да ауырлататын мән-жайларды анықтаған жоқ, ал оның қылмыстық құқықбұзушылықты ашуға белсенді жәрдемдескенін жеңілдететін мән-жай ретінде таныды.
Соттың үкімімен К. 4 жылға бас бостандығынан айыруға сотталды.
О.-ның  және К.-ның жазасын өтеу мекемесі болып қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемесі танылды.
О. және К. мемлекеттік қызметпен айналысу құқынан өмір бойына айыруға жазаланды. Парадан түскен ақшаға алынған құны 40 000 000 (қырық миллион) теңге тұратын пәтер мемлекет кірісіне аударылды.
Параның қалған бөлігі 5 000 000 (бес миллион) теңге сотталған О. мен К.- дан әрқайсысынан 2 500 000 (екі миллион бес жүз мың) теңгеден өндіріп алынды.
ҚК-ның 367-бабының 2-бөлігіне сәйкес пара берген адам, егер оған қатысты осы Кодекстің 366-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген адам тарапынан параны қорқытып алу орын алған болса немесе егер осы адам пара бергені туралы құқық қорғау органына немесе арнаулы мемлекеттік органға өз еркімен хабарласа, қылмыстық жауаптылықтан босатылады.
Сот С. өзі пара бергені туралы өтінішпен құқық қорғау органдарына барғандықтан, жоғарыда аталған негіздер бойынша оны ҚК-ның 367-бабының 4 -бөлігі бойынша қылмыстық жауапкершіліктен босатты.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Источник: 
СҚО ҚІЖМАС