Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында мемлекеттік тілдің қолдану мәселесі талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
«Мемлекеттік тіл туралы» тақырыбындағы «дөңгелек үстел» жұмысына мамандандырылған ауданаралық экономикалық сот төрағасы  Б.Баймаханов, судья А.Досаева, Петропавл қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының бас мамандары – Д.Қапез, А. Долгушина, Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімінің бас маманы – Е.Исмагамбетов, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КеАҚ СҚО бойынша филиалының бас маманы – Д.Мукаева, Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті зияткерлік меншік құқық жөніндегі бөлім басшысы – С.Токужин, жеке сот орындаушысы – А.Әбілмажинова қатысты.
Б.Баймаханов өз баяндамасында сот ісін жүргізуге 2024 жылдың басынынан бастап бүгінгі күнге дейін 726 арыз келіп түскенін, олардың ішінде 10 мемлекеттік тілде, ал қаралған 831 істен- 10 іс мемлекеттік тілде қаралғанын атап өтті. .
Төраға өз сөзін Ғ.Мүсіреповтың «Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді, сондықтан біздің басты парызымыз-  қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту және оны құрметтеуге тәрбиелеу» деген сөзбен аяқтады.
Іс-шара соңында қатысушылар мәселелерді талқылады, сондай-ақ өз ұсыныстарын енгізді.
Источник: 
Мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты