Медиация мәселелері бойынша "Ашық есік күні"

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Солтүстік Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 2016 жылдың 17 наурызында «Қылмыстық іс жүргізуде медиация рәсімін қолдану» тақырыбына «Ашық есіктер» күні өткізілді.
Іс - шараны Солтүстік Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы өткізді, оған СҚМУ 3-курсс суденттері қатысты.
Баяндамашы медиация түсінігі, оны қолдану туралы, дауды аталған рәсімде қолдану тәртібі мен артықшылықтары туралы айтты.
Студенттер кездесу тақырыбына асқан қызығушылық танытты және бірнеше сұрақтар қойды. Баяндамашы іс-шараға қатысушылардың сұрақтарына жауап берді, оларды медиацияның қолдану саласы, медиаторлардың құқықтық жағдайы, медиацияны жүргізу жағдайы және дауды реттеу туралы келісімге келудің салдары туралы сұрақтар қойды.
Іс-шара жылы шырайда өтті, қатысушылар ұйыдастырушыларға ризашылықтарын білдірді.

 

Қайнар: 
Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты