сот

Солтүстік Қазақстан облыстық сотында ақпараттық технологиялармен танысу бойынша «Ашық есік күні» өткізілді

20/10/2017
Іс-шараға М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінен заңгер мамандығының студенттері мен оқытушылары қатысты.
Іс-шараны облыстық сот кеңсе меңгерушісінің м.а. Айгүл Бралина ашты. Ол ақпараттық технологияларды қолдану сот төрелігін іске асыру процесін жеңілдететінін, сот іс жүргізуін оңтайландыратынын және автоматтандыратынын, бюджет қаражатын үнемдейтінін атап өтті.

Солтүстік Қазақстан облыстық сотында партисипативтік рәсім тәртібімен жеке кәсіпкерлер арасындағы дау реттелді

19/10/2017
Солтүстік Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы жеке кәсіпкер К.-ге қатысты жеке кәсіпкер Ж.-ның мәмілені жарамсыз деп тану және соманы өндіріп алу туралы талап қоюы бойынша азаматтық істі қарады.
Талап қоюшы мен жауапкердің арасында жер учаскесін жалға беру мәмілесі жасалғаны анықталды. Талап қоюшы аталған мәмілені жарамсыз деп тануды және жауапкерден жалға алу ақысы есебінен өзі төлеген 1 600 000 теңгені өндіріп алуды сұрады, себебі мәмілені жасаған кезде жауапкер жер учаскесінің меншік иесі болмаған.

Тайынша ауданының № 3 сотында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» тақырыбында семинар өткізілді

19/10/2017
Тайынша ауданының № 3 сотында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» тақырыбында семинар өткізілді.
Төраға Т.Смағұлов өз сөзінде, сыбайлас жемқорлық мемлекет үшін ең қауіпті құбылыстардың бірі екенін, ол мемлекеттік басқарудың тиімділігін, елдің инвестициялық тартымдылығын төмендететіні, әлеуметтік-экономикалық қарыштап дамуды тежейтінін айта келе, бұл мәселемен күресу тек құқық қорғау органдары ғана емес, әр-бір азаматтың міндеті және құқықбұзушылық әрекеттерді жасырмай хабарлап отыруы тиіс екендігін айтып өтті.

Қылмыстық процесте азаматтарды қорғау деңгейін жоғарлату

17/10/2017
Солтүстік Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Қылмыстық процесте азаматтарды қорғау деңгейін жоғарлату» тақрыбына дөңгелек үстел өтті.
«Дөңгелек үстел» жұмысына сот судьялары, және «Дуслық» татар-башқұр қоғамдық орталығы» қоғамдық бірлестігі-мемлекеттік емес ұйымының өкілдері қатысты.

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің 80-жылдығына арналған салтанатты іс-шараға облыстық сот төрағасының міндетін атқарушы Б.Б. Қасейінов қатысты

16/10/2017
Н.Погодин атындағы театрда М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-дың 80-жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтті. Іс-шараны мерекелеуге ғылым және білім министрі Е.К. Сағадиев, СҚМУ ректоры С.М. Өмірбаев, облыс әкімі Қ.І. Ақсақалов, университеттің профессорлық-оқытушылар құрамы, ғалымдар мен қоғам қайраткерлері, қонақтар, студенттер және басқалар қатысты. Шақырылған қонақтардың ішінде облыстық сот төрағасының міндетін атқарушы Б.Б. Қасейінов болды.      

Солтүстік Қазақстан облыстық сотында кеңейтілген кеңес өтті

06/10/2017
Солтүстік Қазақстан облыстық сотында облыс соттарының 2017 жылдың 9 айындағы сот төрелігін іске асыруының қорытындысы бойынша кеңейтілген кеңес өтті. Кеңес облыстық сот судьяларының, аудандық және оған теңестірілген сот төрағалары мен судьяларының, сот жүйесінің ардагерлерінің қатысуымен өтті.

Солтүстік Қазақстан облыстық сотында «Сот жүйесінің үздік аудармашысы» конкурсы өтті

05/10/2017
Облыстық сотта ағымдағы жылдың 29 қыркүйегінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру аясында «Сот жүйесінің үздік аудармашысы» конкурсы өтті.
Конкурсқа аудандық және оған теңестірілген соттарда күнделікті қызметінде мемлекеттік және орыс тілдерін еркін қолдана білетін, аударма жұмысына машықтанған мамандар қатысты.

Ювеналды сотта қорғаншылық және қамқоршылық органдарының қатысуымен «дөңгелек үстел» өткізілді

21/09/2017
Солтүстік Қазақстан облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған  ауданаралық  сотында «Талап арыздарды кері қайтару, қараусыз қалдыру тәртібі. Татуластыру рәсімдері.»     тақырыбында  сот судьяларыны, Петропавл қаласының және жақын орналақан аудандардың білім бөлімдерінің қорғаншылық және қамқоршылық органдарының,   үкіметтік емес ұйым өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.
Төраға м.а. Д.Қайратұлы қатысушыларға талап арыздарды кері қайтару және қауусыз қалдыру тәртібін түсіндерді.

Беттер