СҚО

Сот ғимараттарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету

25/08/2023

Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінде «Сот ғимараттарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету» тақырыбында семинар өткізілді.

Семинарда облысымыздың аудандық және оған теңестірілген соттарының Сот әкімшілерінің басшылары, сот приставтары және күзетшілері қатысты.

ІҚБ басшысы А.Д. Айтпаев төтенше жағдайлары туындаған жағдайда (терррористік акт қаупі, өрттің туындауы және т.б.) өткізу және объектішілік режимдердің ережелері және күзетшілер мен сот жүйесі қызметкерлерінің іс-қимыл алгоритмі түсіндірілді.

Петропавл тұрғыны жануарға қатыгездік көрсеткені үшін жазаланды

22/11/2022
2022 жылдың 22 қарашасында Петропавл қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған соты ҚР ӘҚБтК-нің 407-1-бабының 1-бөлігімен (жануарларға қатыгездікпен қарау) П. азаматына қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарап, нәтижесінде сот оны кінәлі деп танып, 15 мың теңге айыппұл түрінде әкімшілік жазаға тартты.
П., О.-мен жанжалдасу кезінде оның бауында тұрған итін темір қақпамен қасақана шымшып, сол арқылы иттің үшінші омыртқа аймағына зақым келтірген.
Бұл баптың санкциясы даусыз және 5 АЕК айыппұлды қарастырады.

СҚО бойынша Соттар әкімшісінде ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерін талқылау бойынша іс-шара өткізілді

21/11/2022

Ішкі қауіпсіздік және соттардағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бөлімі Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Соттар әкімшісі басшысының орынбасары Арман Мұсаевтың төрағалық етуімен семинар ұйымдастырды. Іс-шараға маман Абзал Байзақов, сот мамандары қатысты 

А.Байзақов баяндама оқыды.

Татуластыру рәсімдері арқылы дауларды шешу

03/11/2022

Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен  «Татуластыру рәсімдері арқылы дауларды шешу»  тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараға мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьялары,  облыс әкімдігінің, адвокаттар алқасының , ішкі мемлекеттік аудит департаментінің, білім басқармасының өкілдері қатысты.

Іс-шараның негізгі мақсаты сот ісін жүргізуде татуластыру рәсімдерін дәйекті және жүйелі енгізу бойынша мүдделі құрылымдар арасындағы өзара іс-қимылды нығайту болып табылады. 

Шағын футбол бойынша жарыс өткізілді

22/10/2022

Қазақстан Республикасы күнін мерекелеу қарсаныңда  «СҚО Уәлиханов ауданы әкімдігінің дене шынықтыру бөлімі» КММ-нің бастамасымен 2022 жылдың 6-7 қазанында ауданның кәсіпорындары мен ұйымдары арасында шағын футболдан жарыс өткізілді. Жарыста 30 дан аса спортшы қатысқан.

«Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік қызметті алу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді

20/05/2022

Уәлиханов аудандық соты кеңсесінің бас маманы Гульнара Мусинамен Уәлиханов ауданының «Азаматтарға арналған үкімет» коммерциялық емес акционерлік қоғамының филиалы «Халыққа қызмет көрсету орталығы» бөлімінде мемлекеттік мекеме өкілдері мен Уәлиханов ауданының халыққа қызмет көрсету бөлімі мамандарының қатысуымен  «Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік қызметті алу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.          

Петропавл қаласының №2 сотымен және мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен көшпелі семинар өткізілді

20/05/2022

Аталған семинарға Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясының қалалық және аудандық бөлімдерінің мамандары қатысты. Аудандық бөлімдердің мамандары ZOOM платформасы арқылы қашықтық формаға қатысты.

Баяндамашылар Айбек Дүйсенбетов пен Камила Дүйсенова "Сот кабинеті" сот жүйесінде сұранысқа ие цифрлық сервистің бірі екенін атап өтті.

Солтүстік Қазақстан облыстық сотында Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған салтанатты жиналыс өтті

29/04/2022

Іс-шараны Солтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы Ербол Жанғазин ашты. Өз сөзінде ол тәуелсіз Қазақстанның барлық табыстары мен жетістіктері, бұл ең алдымен барлық қазақстандықтардың ұлы және мызғымас достығының нәтижесі екенін атап айтты.

Е.Жанғазин денсаулық, амандық, ашық аспан, көтеріңкі көңіл-күй, жарқын болашаққа деген сенімділік тіледі.

«Барбанг» күрдтер қауымдастығы СҚО бойынша филиалы» РҚБ-ның төрағасы Рашид Надиров құттықтау сөзінде Қазақстандағыдай төзімділік, достық, халық бірілігі әлемнің еш жерінде жоқ екенін атап өтті.

Ювеналдық сотта "Балалар жылын жариялау туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы негізінде балаларды тәрбиелеумен байланысты мәселелер» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті

29/04/2022

Солтүстік Қазақстан облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында  "Балалар жылын жариялау туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы негізінде балаларды тәрбиелеумен байланысты мәселелер» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Беттер