Айыртау ауданының № 2 аудандық сотында «Ашық есік күні» атты іс-шара өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының № 2 аудандық сотында, Айыртау ауданы тұрғындарының қатысуларымен «Ашық есік күні» атты іс-шара өткізілді.
Іс-шараны өткізу барысында сот төрағасы Қ.Ә.Әбубәкір іс-шараға қатысушылардың сұрақтарына жауап берді, яғни дауды медиация тәртібімен реттеу рәсімі туралы, тараптар сот кеңесу бөлмесіне кеткенге дейін дауды медиация тәртібімен реттеу туралы өтінішхат беруге және кәсіпқой не болмаса кәсіби емес медиатордың қатысуымен, заңға қайшы келмейтін, кімнің де болсын құқықтары мен бостандықтарының, заңмен қорғалатын мүдделерiн бұзбайтын, дауды реттеу туралы келісім жасасуға құқылы екендіктерін туарлы.
Тараптардың өтінішхаты бойынша, медиацияны іс жүргізуінде іс жатқан судья өткізуі мүмкін. 01.01.2016 жылдан бастап жаңа Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексі еңгізілген. Аталған кодекстін жаңа тұстарының бірі, ол татуластыру рәсімдерін немесе дауды партисипативтік рәсімдер тәртібімен реттеу туралы тәсілдерінің қолданысының кеңейуі. Бұл татуласудың жаңа түрі және партисипативтік рәсім екі тараптың да адвокаттарының дауды реттеуге жәрдемдесуімен тараптар арасында келіссөздер жүргізу арқылы судьяның қатысуынсыз өткізіледі.     

 

Источник: 
Айыртау ауданының №2 аудандық соты