Жүргізуші полиция қызметкерінiң заңды талабын орындамады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Солтүстік Қазақстан облысының Аққайың аудандық сотында, ҚР Әқбтк-нің 613-бабының 4 б. әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны бойынша Д. азаматына  қатысты әкімшілік іс қаралды.
Д. азаматы көлік құралымен Смирново селосында жүргенің сот анықтады. Полиция қызметкері Д. құжаттарын тексеру кезінде,  оған есірткі қолдану фактісі бойынша медициналық куәландырудан өтуге ұсынылды,  ол үшін жүргізуші Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қ. облыстық наркологиялық орталығына жеткізілді. Алайда, Д. азаматы ішкі істер орган қызметкерінің алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық мастық күйін куәландыруға өту туралы заңды талабын орындаған жоқ және куәландыруды өткен жоқ.
Соттың қаулысымен Д. азаматы әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды және 2 жылға куәлік құралын жүргізу құқығынан айыру түрінде әкімшілік жазаға тартылды.
Қаулы заңды күшке еңген жоқ.
 
    
Қайнар: 
Аққайың аудандық соты