Архив событий

01/04/2016

Қызылжар аудандық сотында «Жер құқықтық қатынастар саласындағы даулар» тақырыбында «Дөңгелек үстел» іс-шарасы өтті

01/04/2016
 
Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық соты «Жер құқықтық қатынастар саласындағы даулар» тақырыбында «Дөңгелек үстел» іс-шарасын өткізді.
«Дөңгелек үстел» іс-шарасына судьялар,«Қызылжар аудандық жер бөлімінің»,  «Бескөл ауылдық округі әкімі аппаратының», «Жер проект» ЖК, прокуратура, адвокатураның өкілдері қатысты.

Ғ. Мүсірепов атындағы ауданында медиация кабинетінің ашылу рәсімі өтті

01/04/2016
 СҚО Ғ. Мүсірепов атындағы ауданының Мәдениет үйі ғимаратында аудан Әкімі Дудов В. С., аудандық сотының төрағасы Ж. Е. Қабыш, кәсіпқой емес медиаторлар, мемлекеттік құқықтық жұмысы әкім аппаратының құрылымдық бөлімше басшысының Алимгужин А. Ж., кеңсе мамандарының және бұқаралық ақпарат құралдарының қатвсуымен медиация кабинетінің ашылу рәсімі өтті.

Сотталған адамның жазадан шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтінішхаты қанағаттандырылды

01/04/2016
 Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының №2 аудандық сотымен, сотталған адамның, яғни П-ны жазадан шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтінішхаты қаралды.
Сотта анықталғандай, П. сот үкімімен 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу түрiндегі жазаға сотталған. Сотталған П. жаза мерзімінің 1/3 бөлігін өтеген. Тұрғылықты мекен жайы бойынша оң жағынан мінезделеді, тұрақты жұмысы бар, қандай да бір құқықбұзушылық жасамаған, белгіленген жаза өтеу тәртібін бұзбаған.