Архив событий

08/04/2016

Жұбайлар сотта татуласты

08/04/2016
 Солтүстік Қазақстан облысының Ақжар аудандық соты ҚР ӘҚбК-ң 73-бабының 1-бөлігіне сәйкес құқық бұзушылық жасаған азамат А-ға қатысты әкімшілік іс қарады.
Сотта азамат А. алкогольдік масаң күйде, жеке тұрғын үйінде жұбайына былапыт сөйлеп, сыйламаушылық көрсеткені анықталды, яғни жұбайының тыныштығын бұзған.
Сотта медиация тәртібінде татуласуына байланысты тараптардан әкімшілік істі тоқтату туралы өтініш хаттар түсті.

Шал ақын ауданы сотында "Жеке ұйғарым және қаулы шығару тәртібі" тақырыбында "дөңгелек үстел" өтті

08/04/2016
 Шал ақын  ауданы сотында аудан прокуроры Е.Ибраевтің, АІІБ өкілдері А.Байқадамов және Т.Мұқатаевтің қатысуымен  "Жеке ұйғарым және қаулы шығару тәртібі" тақырыбында  "дөңгелек үстел" өтті.
Сот төрағасы С. Қасқарбаев өз сөзінде жеке  ұйғарым шығару - азаматтарға заңдылықты нығайту үшін күресінде және  құқықбұзушылықтың  алдын  алуындағы   соттың тәрбиелік әрекет ету нысанының  бірі болып табылатыныдығын  атап өтті.
Сот қаулы, ұйғарыммен қатар жеке ұйғарым (қаулы) шығаруына  құқылы.

Чистопол аулдық округінде медиация кабинеті ашылуы болды

08/04/2016
Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының №2 аудандық сотымен Чистопол аулдық округінің ғимаратында орналасқан медиация кабинетінің салтанатты тұсаукесерін өткізді.
Шарада судьялар мен кеңсе меңгерушісі, Чистопол аулдық округінің әкімі, медиаторлар және аудандық газеттің корреспонденді қатысты.

Сұраншақтану үшін әкімшілік айыппұл салынды

08/04/2016
Шал ақын ауданы сотымен азамат А-ға қатысты  ҚР ӘҚБтК 449 б. 2 т. бойынша әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны үшін әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс қаралды.
Сотпен азамат А. мас күйінде  орталық базарында  өткен адамдардан ақша сұрағаны анықталды.
Сот қаулысымен  азамат А. ҚР ӘҚБтК 449 б. 2 т. бойынша кінәлі деп танылды және 14847 тенге  мөлшеріндегі  әкімшілік айыппұл тағайындалды.
Қаулы заңды күшіне  енген  жоқ.