Архив событий

26/04/2016

Мамлют аудандық сотының жұмыс қорытындысы

26/04/2016
Мамлют аудандық сотында аудандық «Знамя труда» газеті өкілінің қатысуымен 2016 жылдың 3 айының жұмыс қорытындысы бойынша пресс-конференция өткізілді.
Кездесу барысыныда сот төрайымы келесіні атап өтті: 2016 жылдың 3 айында 30 тұлғаға қатысты 27 қылмыстық іс өндірісі аяқталды. Медиатордың қатысуымен 7 іс қаралды. 1 жеке қаулы шығарылды.

Айыртау ауданының № 2 аудандық сотында баспасөз конференциясы өтті

26/04/2016
 Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданының №2 аудандық сотында, «Айыртауские зори» газетінің кореспонденті Н.Н.Еременконың қатысуымен, 2016 жылдың 1 тоқсан аралығында сот төрелігін жүзеге асыру қорытындысы бойынша баспасөз конференциясы өткізілді.

Қаруды заңсыз сақтау

26/04/2016
Айыртау ауданының №2 аудандық сотымен, азамат «П-ға» қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 482 бабының 1- бөлігімен  әкімшілік іс қаралды.
Сотта анықталғандай, Айыртау ауданының ІІБ-нің қызметкерлерімен  СҚО, Айыртау ауданы Құспек селосының тұрғыны  «П-ның» көлікжайынан, оның ішкі істер бөлімінің рұқсатынсыз және тіркеусіз сақтап келген 16-шы калибрлі, тегіс ұңғылы,  оқ ататын аңшы мылтығы алынған болатын.