Архив событий

11/04/2016

Судьялардың әдеп кодексі және РҚБ Қазахстан Республикасының жарғысының жобалары талқыланды

11/04/2016
Тимирязев аудандық сотында судьялардың әдеп кодексінің жобасы және Қазахстан Республикасы судьялар одағының Республикалық қоғамдық бірлестігінің жобасының жарлығы талқыланды. Осы жобалардың талқылауына орнынан түскен судья А.Қ. Узденбаева ат салысты.

Алкогольдік күйін куәландырудан өту туралы заңды талабын орындамағаны үшін

11/04/2016
Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық соты ҚР ӘҚБтК – нің 613 бабының 7 бөлігі бойынша азамат Б.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қарады.
Сот, сот отырысында, ішкі істер (полиция) органдары қызметкерінің көлік құралын басқарған азамат Б.-ні белгіленген тәртіпке сәйкес алкогольдік күйін куәландырудан өту туралы заңды талабын орындамағаның, жаза мерзімі өткеннен кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет, көлік құралын басқару құқығынан айырылған адам жасағанын анықтаған.

Тараптар бітімгершілік келісімге келді

11/04/2016
Аққайың аудандық сотымен Б. Талабы бойынша Ж.-дан   қарызды  өндіріп алу туралы азаматтық іс қаралды.
Сот отырысына дайындық жүріп жатқан кезде, жауапкер Ж. және талапкер Б. Араларында жасалған бітімгершілік келісім бекітілгені туралы тараптардан өтініш түсті.
Тараптар бітімгершілік келісімге келіп, оның шарттары бойынша талапкер Б. талап арыздан бас тартады, ал жауапкер Ж. бітімгершілік келісім жасаған кезде талапкерге 13 435 теңге сомасында қарызын  төледі.

7 тәулік мерзімге қамауға алынды

11/04/2016
 СҚО Қызылжар аудандық сотымен ҚР ӘҚбК 73-б, 2-б. бойынша  М.есімді  азаматқа  қатысты әкімшілік іс қаралды. 
Сот СҚО Қызылжар ауданы Вознесененка селосында өз үйінде М.есімді азамат  бірге тұратын  әйелге былапыт сөйлеп, қорқытып жанжал шығарғанын анықтады.
Сот қаулысымен азамат М. әкімшілік құқық бұзушылық жасады деп танылып 7 (жеті) тәулік мерзімге әкімшілік қамау түрінде әкімшілік жазаға тартылды.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.
 

Семинарлық сабақта сот ұжымы «Сыбайлас жемқорлықтын алдын алу туралы» Заңды зерделеді және талқылады

11/04/2016
Солтүстік Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу туралы» ҚР Заңын зерделеу мен талқылау бойынша семинарлық сабақ өткізілді.
Сөт төрағасы С.В. Викторенко баяндама оқыды. Талқылау барысында  судьялар 2016 жылдың 1 қаңтарында енгізілген Заң, бұрын қолданыста болған «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу туралы» ҚР Заңыннан, сыбайлас жемқорлықтын алдын алуға бағытталған іс шаралар жүйелігімен ерекшеленетіндігін атап кетті.