Архив событий

13/04/2016

Пікіріңізді білдіріңіз

13/04/2016
Судьялыққа кандидаттаға қойылатын жаңа талаптар шеңберінде «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңына, «Қазақстан Республикамсының Жоғары сот Кеңесі туралы» заңына сәйкес тағылымдамадан өту кезеңінде тағылымдамашы-кандидатқа 1 жылға дейінгі еңбек өтілі бар аудандық және оған теңестірілген сот судьясы лауазымдық айлықақысының 70 %-ы мөлшерінде жалақының белгіленген сомасы төленеді.

Қазақстан Республикасының жергілікті соттар судьяларының бос қызмет орындарына конкурсқа қатысушы судьялар мен судьялыққа үміткерлердің тізімі

13/04/2016

Қазақстан Республикасының жергілікті соттар судьяларының бос қызмет орындарына конкурсқа қатысушы судьялар мен судьялыққа үміткерлердің тізімі

                   Аты-жөні

Жұмыс орны, лауазымы

Қызылжар аудандық сотында баспасөз-конференциясы өтті

13/04/2016
Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық сотында БАҚ өкілдерінің қатысуымен Қызылжар аудандық сотының 2016 жылғы 1 тоқсанда сот төрелігін жүзеге асыру қорытындысы бойынша баспасөз-конференциясы  өткізілді.
Сот төрағасы А.Т.Еркебаев өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстыра отырып  статистикалық  деректермен таныстырды.

Үйде айғай-шу шығарған үшін қамауға алынды

13/04/2016
 Солтүстік Қазақстан облысының Уәлиханов аудандық сотымен ҚР ӘҚБтК-нің 73 б. 1 б. бойынша сәйкес С. азаматына қатысты әкімшілік ісі қарастырылды.
Іс құжаттарына сәйкес, 2016 жылғы 01 сәуірде кешкі уақытында С. азаматы мас күйінде болғанда  өзінің зайыбына былапыт сөйлеп үйде айғай-шу шығарды.
Сот қаулысымен С. азаматы әкімшілік құқықбұзушылық жасаған үшін айыпты деп танып, оған 3 тәулік әкімшілік қамау жазасын және 6 ай мерзіміне ерекше талап тағайындады.