Архив событий

06/04/2016

Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының №2 аудандық сотында семинар өтті

06/04/2016
 Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының №2 аудандық сотында судьялар мен сот қызметкерлердің қатысуымен, аудандық және оған теңестірілген аудандық сотында іс жүргізу Ережесін зерделеу бойынша семинар өткізілді.
Cот төрайымы Ә.А. Досымова, жаңа Ереже Азаматтық процессуалдық кодексі, Қылмыстық-процессуалдық кодексі, ҚР Құқық бұзушылық туралы кодексі, ҚР «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы» заңдарына сәйкес құрылғанын түсіндірді.

Жүргізуші куәлігі жоқ жүргізуші рөлге мас күйінде отырды

06/04/2016
Солтүстік-Қазақстан облысының, Ғабит Мүсірепов атындағы аудандық  сотында, азамат Т-ға қатысты, ҚР ӘҚБК 608 бабының 6 бөлігімен сәйкес,  әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс қаралды.
Сотпен анықталғандай, Т. көлік құралдарын басқару құқығы болмай, автокөлікті мас күйінде басқарған.
Сот қаулысымен азамат Т. кінәлі деп танылып, оған 20 тәулік мерзіміне  әкімшілік қамауға алу жазасы тағайындалған.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Әкімшілік жауапкершілікке тартылды

06/04/2016
Солтүстік-Қазақстан облысының, Ғабит Мүсірепов атындағы аудандық  сотында, азамат К-ға қатысты, ҚР ӘҚБК 434 бабының 1 бөлігімен сәйкес,  әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс қаралды.
Сотта анықталғандай, К. жолдың жүру бөлігіне темекі тұқылын лақтырды.
Сот қаулысына сәйкес, азамат К. заң бұзушылықта  кінәлі деп танылып, оған 10 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Кәмелетке толмағанмен алкогольдіік ішімдік ішкен

06/04/2016
 Солтүстік Қазақстан облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында азамат З. қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 131 б. әкімшілік құқықбұзушылық туралы ісі қаралды.
Сот отырысының барысында  азамат З. Петропавл қаласында кәмелетке толмаған  Г., алкогольдік ішімдік ішіп, сонымен соңғыны  алкогольды масаң еткендігі анықталды.

Кәмелетке толмаған қыздың анасы ата-аналық міндеттерін орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылды

06/04/2016
Солтүстік Қазақстан облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында азаматша М. қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 127 б. 1 б. әкімшілік құқықбұзушылық туралы ісі қаралды.
Сот отырысының барысында азаматша М., өзінің кәмелетке толмаған 2000 жылы туылған Ю., есімді қызына қатысты ата-аналық міндеттерін орындамағандығы, кәмелетке толмаған баласының оқуы мен тәрбиесіне қатысты ата-аналық міндеттерін орындамауының салдарынан 2016 жылдың ақпан айында себепсіз 92 оқу сабағын босатқандығы анықталды.