Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының №2 аудандық сотында семинар өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
 Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының №2 аудандық сотында судьялар мен сот қызметкерлердің қатысуымен, аудандық және оған теңестірілген аудандық сотында іс жүргізу Ережесін зерделеу бойынша семинар өткізілді.
Cот төрайымы Ә.А. Досымова, жаңа Ереже Азаматтық процессуалдық кодексі, Қылмыстық-процессуалдық кодексі, ҚР Құқық бұзушылық туралы кодексі, ҚР «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы» заңдарына сәйкес құрылғанын түсіндірді.
Іс жүргізі Ереженің барлық бөлімдері толық зерделенді.  
Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының №2 аудандық сотының Кеңсе меңгерушісі Қ.Р. Исмагулова келесі бөлімдерге толық жарық түсірді, ол: «Ережеде қолданатын негізгі түсініктер», «Іс жүргізуді қамтамасыз етуге негізгі міндеті және іс жүргізуді ұйымдастыру басшылығы», «Құжаттарды орындауды бақылау», «Істерді алу және беру», «мөрді, штампты және қатаң есептегі бланкілерін есепке алуды, сақтауды және қолдану».
Аға сот жасаулы Р.Ю. Полосин, лауазымдық нұсқаулығына барлық кіріс хаттар, істер тіркеуге жататын, келіп түсетін істерді, материалдарды сонымен қатар «Сот кабинеті» арқылы, қабылдауы, бөлуі калай жасалатынын толық түсіндірді.
 Сот отырысының хатшысы О.С. Подмастерец шығыс құжаттарды дайындау, сот істерін қарау алдынан және қаралғаннан кейін әзірлеу, сот отырысына тұрғалардың келуін қамтамасыз ету, апелляциялық және жеке шағымды, наразылықты қабылдау және тіркеу, сот істерін және құжаттарын беру, бейне-жазу құралы техникалық қолдану тәртібі, сақтау, жою және оған кіру,  сот отырысының хаттамасымен танысу туралы айтып берді.
10 бөлім «Үкімді, шешімді, үйғарымды және қаулыны орындауға айналдыру» және 12 бөлім «заттай дәлелдемелерді және құжаттарды есепке алу, сақтау» судья М.Б. Хасеновпен жарық түсірілді.
Аудандық мұрағатының ұйымдастырылу туралы мұрағат басшысы М.Б. Раскулова толық түсіндірді.
Семинарды А.А. Досымова қорытынды етті, келесі Ережемен жұмыста мамандар ғана емес, судьялар да басшылыққа алу керек деп айтты. Іс жүргізу Ережені қатаң сақталу керек деп көрсетілді, дұрыс және жаттыққан орындаушылық тәртіп, тез және сапалы сот төрелігін іске асыру кепілі. 
 
 
Қайнар: 
Ғабит Мүсірепов атындағы № 2 аудандық соты