Кәмелетке толмаған қыздың анасы ата-аналық міндеттерін орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Солтүстік Қазақстан облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында азаматша М. қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 127 б. 1 б. әкімшілік құқықбұзушылық туралы ісі қаралды.
Сот отырысының барысында азаматша М., өзінің кәмелетке толмаған 2000 жылы туылған Ю., есімді қызына қатысты ата-аналық міндеттерін орындамағандығы, кәмелетке толмаған баласының оқуы мен тәрбиесіне қатысты ата-аналық міндеттерін орындамауының салдарынан 2016 жылдың ақпан айында себепсіз 92 оқу сабағын босатқандығы анықталды.
Сот отырысында азаматша М. әкімшілік құқық бұзушылық жасағандығын толық мойындады және оған өкінді, баласы жаман ортаға түсіп соның салдарынан  оқуын нашарлатқанын баяндады.
Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен азаматша М. әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершіліккке тартылды, оған 14847теңге соммасында айыппұл салынды. 
Қаулы заңды күшіне енген жоқ
Қайнар: 
Солтүстік Қазақстан облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты