Архив событий

07/04/2016

Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының №2 аудандық сотында Халықаралық-құқықтық ынтымақтастық жөнiнде семинар өтті

07/04/2016
Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының №2 аудандық сотында судьялар мен сот қызметкерлермен Халықаралық құқықтық ынтымақтастық жөнiнде  жергілікті соттардың жұмыстарын ұйымдастыру бойынша Әдiстемелiк ұсынымды зерделеу семинар өткізілді.
Сот төрайымы өз баяндамасында Әдiстемелiк ұсынымдар жергілікті соттарының жұмыстарына тәжірибе көмек көрсету және облыстық соттардың кеңселерінің жұмыстарына сот істерінің құқықтық көмек көрсету үшін әзірленгенін айтты.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қараудың сот практикасының мәселелері талқыланды

07/04/2016
 Солтүстік Қазақстан облыстық соты әскери қызметшілерге, этил спирті және алкоголь өнімін өндіру және айналымы саласына қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау бойынша аудандық және оған теңестірілген соттардың судьяларымен семинар сабақтарын өткізді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 681-бабымен қарастырылған, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қараудың сот практикасының мәселелері талқыланды.

Смирново с. және Аққайың ауданының ауылдық округтерінде медиация кабинеттері ашылды

07/04/2016
Солтүстік Қазақстан облысының Аққайың аудандық әкімдігімен бірлесе отырып Аққайың аудандық сотымен, Аққайың ауданы Смирново селосы аудандық мәслихатының ғимаратында медиация кабинеті ашылды. Медиация кабинетін ашуға Аққайың аудандық сотының судьялары мен қызметкерлері, Аққайың ауданы әкімінің орынбасары, Аққайың ауданының прокуроры, кәсіпқой емес медиаторлар, адвокат қатысты.

Бескөл ауылында медиация кабинеті ашылды

07/04/2016
Медиация институтын халық арасында кең қолдану мақсатында, Бескөл ауылында «СҚО Қызылжар ауданы әкімінің аппараты» ММ ғимаратында  медиация кабинетінің ашылуы өтті.
Іс-шараға Қызылжар аудандық сотының судьялары, әкімдік өкілдері және кәсіби емес медиатор А.Т.Ешпенов  қатысты.