Солтүстік Қазақстан облысының соты жұмыс берушіден 3 500 000 теңге сомасында еңбекақы бойынша берешекті жұмысшылар пайдасына өндірді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Солтүстік Қазақстан облысының Аққайың аудандық сотына Трудовое селосының үш тұрғыны «Смирновское» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қатысты еңбекақы бойынша берешекті өндіріп алу туралы талап қою арызымен жүгінді.
Сот жауапкершілігі шектеулі серіктестігі соңғы үш жыл ішінде өзінің жұмысшыларына 3 500 000 теңге сомасын құрайтын еңбекақы берешегін төлемегенін анықтады.
Сот жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жұмысшыларының талаптарын толық қанағаттандырды, олардың пайдасына төленбеген еңбекақылары өндірілді. Сот Қазақстан Республикасының Конституциясымен кепілдік берілген жұмысшылардың еңбекке ақы төлеу құқықтарын қалпына келтірді.
 
    
Источник: 
Аққайың аудандық соты