Архив событий

07/04/2017

Солтүстік Қазақстан облысының соты жұмыс берушіден 3 500 000 теңге сомасында еңбекақы бойынша берешекті жұмысшылар пайдасына өндірді

07/04/2017
Солтүстік Қазақстан облысының Аққайың аудандық сотына Трудовое селосының үш тұрғыны «Смирновское» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қатысты еңбекақы бойынша берешекті өндіріп алу туралы талап қою арызымен жүгінді.
Сот жауапкершілігі шектеулі серіктестігі соңғы үш жыл ішінде өзінің жұмысшыларына 3 500 000 теңге сомасын құрайтын еңбекақы берешегін төлемегенін анықтады.

Ғабит Мүсірепов атындағы №2 сотында семинар-тренингі өткізілді

07/04/2017
Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы №2 сотымен судьялардың, прокурордың, адвокаттың және сот қызметкерлердің қатысуымен «Келісімдік іс жүргізуде қарау тәртібі» семинар-тренингі өткізілді.
Семинар-тренинг  М.Б. Хасенов судьяның баяндамасынан басталды, ол келісімдік іс жүргізуде қарау тәртібін толық айтып берді.