сот залынан

Құжаттардың тиістілігі факті анықталды

24/08/2017
Мамлют аудандық сотына азамат М. құжаттардың тиістілігі фактісін анықтау туралы және талабын анықтаулар енгізу өтінішімен жүгінді.
Өтініш беруші үйдің иесі екенін, алайда құжаттарда оның әкесінің аты дұрыс жазбағанын көрсеткен, соттан құжаттардың тиістілігі фактісін анықтауды сұрады.
Сот  құжаттардың тиістілігі фактісін анықтады.

Әкімшілік іс медиация тәртібінде қысқартылды

18/08/2017
Айыртау аудандық  сотында  ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігі   бойынша  азамат К-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.
Сотта анықталғандай азамат К. алкогольдік масаң күйде, өзінің тұрғылықты үйінде себепсіз жанжал шығарып, өзімен бірге тұратын әйеліне былапыт сөздер айтып, осы әрекетімен отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға сыйламаушылық көрсеткен.
Сот мәжілісінде тараптар медиациялық келісімге келіп, сотқа  дауды медиациялық келісіммен аяқтау туралы келісімді ұсынған.

С. азаматы сотқа құрметсіздік танытқаны үшін жауапкершілікке тартылды

14/08/2017
Шал ақын ауданының сотында С-ға қатысты әкімшілік  653 б. 1 т. ҚР ӘҚБК бойынша іс қаралды.
Анықталды, азамат С, Шал ақын ауданының сотында азаматтық істі қараудың уақыты мен орны туралы біле тұра ажырасу ісіне С, азаматына қатысты іске келмеді, және де еш себепсіз сотқа келмеуіне жауапкердің болмауына байланысты істі қарау мүмкіншілігі жауапкердің кінәсінің кесірінен кейінге қалдырылды, сол себепті сотқа өз қылығымен құрметсіздік танытып, сот процесінде бір қатысушының болмауына байланысты сот отырысы кейінге шегерілді.Өзіңнің ісімен С. Сотқа құрметсіздік танытты.

Жұбайлар медиативтік келісім бекітті

22/06/2017
 Мамлют аудандық сотына талапкер Г. жауапкер Г. –ға  некені бұзу туралы талабы мен жүгінді, өз талабында олардың мінездерінің келіспеуіне байланысты неке қатынастары бұзылғанын көрсеткен.
Тараптар олардың талаптарына қатысты Мамлют ауданының аумағында кәсіби емес негізде медиация жүргізетін, кәсіби емес медиатордың қатысуымен медиация  жасады.
Жауапкер мен талапкер арасында келесі шарттарға сәйкес медиативтік келісім бекітілді.

Қылмыстық іс медиация тәртібімен тоқтатылды

23/05/2017
 
Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық сотымен ҚР ҚК-нің 108 бабы бойынша құқық бұзушылық жасағаны үшін айыпталушы, азамат Б.-ға қатысты жеке айыптау бойынша қылмыстық ісі қаралды.
2017 жылдың 02-ші мамырында сағат 10:00 шамасында жан-жал барысында азамат Б. азамат М. дене жарақатын тигізіп, денсаулығына жеңіл зардап тигені анықталды.

Супруги примирились в суде

22/05/2017
Жамбыл аудандық сотымен  талапкер К. жауапкер С.-ге некені бұзу туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қарады. Тараптар 2015 жылдың 23 қаңтарында некеге тұрған, некеден 2016 жылы туылған А. есімді балалары бар.
Сот талқылауына дайындық барысында, тараптар бітімгершілік келісімге келген, оның шарты бойынша жауапкер С. талапкер К.-ні құрметтеуге, отбасын сақтауға және оны қамтамассыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдауға міндеттенді, талапкер К., талапты бас тарты.

Жүргізуші құқық бұзушылықты қайталды

22/05/2017
Ақжар аудандық сотымен азамат А.-ға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 669 бабы бойынша әкімшілік ісі қаралды.
Әкімшілік іс материалдары бойынша бұған дейін жүргізуші куәлігінен айырылған А. 2017 жылдың 15-ші мамырында, інісіне тиесілі мемлекеттік номері 227 ВАЗ 21015 автокөлігіне отырыған. Жол бойында оны полиция қызметкері тоқтатып, бұған дейін жүргізуші куәлігінен айрылғаны және көлікте куәліксіз жүрген белгілі болды. Кінәсін толық мойындады.

Беттер