Дау медиация тәртібімен реттелді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Солтүстік-Қазақстан облысының Ғабит Мүсірепов атындағы аудандық сотында азамат К-ға қатысты ,ҚР Әқбтк-нің 1 бөлігі 73 бабы бойнша , әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс қаралды
Істі қарау барысында, анықталғаны, 01 ақпан 2016 жылы шамамен 15 сағат 00 минут Солтүстік-Қазақстан облысы ,Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының, Привольное ауылында   азамат К. мас күйінде,  өзінің үйінде жанжал шығарып,   қасындағы тұрғындарын балағаттады.
Сот мәжілісінде жәбірленуші В. және әкімшілік жауапкершілікке тартылған тұлға К., татуласу туралы келісімді  медиация тәртібімен сотқа ұсынды.
Істі қарау нәтижелері бойынша сот өндірісі, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс ,ҚР Әқбтк-нің 1 бөлігі 73 бабы бойынша, татуласуына байланысты тоқтатылды.
Қаулы  заңды күшіне енген жоқ.
Источник: 
Ғабит мүсірепов атындағы аудандық сот