«Мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту» тақырыбында «дөңгелек үстел» өткізілді
29/03/2024
Солтүстік Қазақстан облысы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті.
«Дөңгелек үстелдің» жұмысына прокуратураның, Петропавл қаласы білім бөлімінің қорғаншылық және қамқоршылық органының өкілдері қатысты.
Солтүстік Қазақстан облысы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты әкімшісінің басшысы Нурикамал Иманбекова қатысушылармен сәлемдесіп, іс-шараны ашты.