Солтүстік Қазақстан облыстық сотында «Әкімшілік қалау: теория және қолдану практикасы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Іс-шараға Солтүстік Қазақстан облыстық сотының судьясы Наталья Шалаева, Солтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы Гүлмира Даниярова, облыстық сотының отставкадағы судьясы Инесса Қуанова, Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Ішкі саясат басқармасының талдау, этносаралық қарым-қатынастар бөлімінің басшысы Бағдат Мұқанова, облыстың Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Жеңіс Қазиев қатысты.
Іс-шараны Н.Шалаева ашып, кіріспе сөзінде іс-шара тақырыбының өзектілігін атап өтті.
И.Қуанова «дөңгелек үстел» барысында мемлекеттік қызметшілерге арналған «Әкімшілік қалау» құралын таныстырды. Сондай-ақ, И.Қуанова заң мен теорияның негізгі ережелері туралы ақпаратпен бөлісті.
Г.Даниярова өз баяндамасында мемлекеттік органдардың әкімшілік қалауды қолдануы бойынша сот практикасына талдау жасады.
Іс-шара соңында «дөңгелек үстел» қатысушылары туындаған сұрақтарды талқылап, таныстырылған жаңа құрал табыс етілді. 
Қайнар: 
Солтүстік Қазақстан облыстық соты