Архив событий

05/03/2024

Полиция пунктінің әйнегі мен есігін сындырғаны үшін жауапқа тартылды

05/03/2024
Петропавл қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған сотында Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 147-1-бабының 1-бөлігінде көзделген (бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру) құқық бұзушылық бойынша К.-ға қатысты әкімшілік істі қарады. 
2024 жылдың 04 наурызында сағат 06.00 шамасында К., Чкалова көшесіндегі Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаментіне тиесілі №11 пунктінің ғимаратының жанында бола тұра, мас күйінде терезе әйнегі мен есікті қасақана сындырған.

Дау бітістіру рәсімімен шешілді

05/03/2024
Уәлиханов аудандық сотына Ж. Банктен, тұрғын үйді сатып алу үшін келісім шарт бойынша берілген бюджеттік несиесі бойынша, А.-дан қарызды өндіріп алу туралы талап қоюы түсті. Кейбір уақытта несие бойынша төлемдер төленбеген, мерзімі өтіп кеткен төлемдер пайда болды, сондықтан, Банк несиенің барлық соммасын өндіріп алу туралы талап қоюмен сотқа жүгінді. Сотта жақтармен бітістіру әңгімесі жүргізілді. Бұрынғыдай кесте бойынша несиені төлеу үшін, қарыз алушы К. мерзімі өтіп кеткен төлемдерді төледі.