Архив событий

18/03/2024

Сот әкімшілігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің қызметкерлері ұлттық киім киіп, «Наурызнама» онкүндігін бастады

18/03/2024
«Наурызнама» - жалпыұлттық Наурыз мейрамын мерекелеудің жаңа форматы, ол халық мәдениетінің ұлылығы мен сан қырлылығын, сондай-ақ оның үздік дәстүрлерін бейнелейді.
18 наурыз Ұлттық киім күні болып жарияланды.
Облыс соттарының ұжымдары ұлттық киім мен дәстүрлерге деген құрметі ретінде қазақстандықтарды көктемгі мерекемен құттықтап, отандастарына бейбітшілік пен бірлік тіледі. Құттықтау бейнеролигінде Петропавл қалалық сотының мамандар қазақтың ұлттық киімін киіп тілектерін білдірді.