Полиция пунктінің әйнегі мен есігін сындырғаны үшін жауапқа тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Петропавл қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған сотында Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 147-1-бабының 1-бөлігінде көзделген (бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру) құқық бұзушылық бойынша К.-ға қатысты әкімшілік істі қарады. 
2024 жылдың 04 наурызында сағат 06.00 шамасында К., Чкалова көшесіндегі Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаментіне тиесілі №11 пунктінің ғимаратының жанында бола тұра, мас күйінде терезе әйнегі мен есікті қасақана сындырған.
Сот отырысында К., әкімшілік құқық бұзушылықты жасаудағы кінәсін толық мойындады.
Сот қаулысымен К., әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 15 тәулікке қамауға алу түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды.
Источник: 
Петропавл қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған соты