Жаңалықтар

Департамент басшысына ақшалай өндіріп алу салынды

13/03/2024
Солтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының ұйғарымымен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнің мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің облыстық басшысына республикалық бюджеттiң кiрiсiне 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ақшалайөндіріп алу салынды.

Жол-көлік оқиғасы бойынша үкім шығарылды

12/03/2024
Солтүстік Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Е.-ге қатысты қылмыстық істі келісімдік іс жүргізумен қарады.
 
Соттың анықтағаны

Солтүстік Қазақстан облыстық сотында Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты іс-шара өтті

07/03/2024
Іс-шараны облыстық соттың төрағасы Ербол Жанғазин ашты. Құттықтау сөзінде ол нәзік жандылардың еңбегі талап етілмейтін салалар қалмағанын атап өтті. Қазіргі заманда әйел адам тек қана ошақ басындағы тірлікті бітіріп қана қоймай, бүкіл қоғамның игілігі үшін қызмет етіп келеді. Әйел – барлық қиындыққа төтеп беретін сарқылмайтын күш, тірліктің қайнар бұлағы, ыстық та, кіршіксіз махабаттың, сұлулықтың символы.           
Іс-шара барысында облыс соттарының судьялары мен мамандары Құрмет грамоталарымен және Алғыс хаттармен марапатталды.

Полиция пунктінің әйнегі мен есігін сындырғаны үшін жауапқа тартылды

05/03/2024
Петропавл қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған сотында Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 147-1-бабының 1-бөлігінде көзделген (бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру) құқық бұзушылық бойынша К.-ға қатысты әкімшілік істі қарады. 
2024 жылдың 04 наурызында сағат 06.00 шамасында К., Чкалова көшесіндегі Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаментіне тиесілі №11 пунктінің ғимаратының жанында бола тұра, мас күйінде терезе әйнегі мен есікті қасақана сындырған.

Дау бітістіру рәсімімен шешілді

05/03/2024
Уәлиханов аудандық сотына Ж. Банктен, тұрғын үйді сатып алу үшін келісім шарт бойынша берілген бюджеттік несиесі бойынша, А.-дан қарызды өндіріп алу туралы талап қоюы түсті. Кейбір уақытта несие бойынша төлемдер төленбеген, мерзімі өтіп кеткен төлемдер пайда болды, сондықтан, Банк несиенің барлық соммасын өндіріп алу туралы талап қоюмен сотқа жүгінді. Сотта жақтармен бітістіру әңгімесі жүргізілді. Бұрынғыдай кесте бойынша несиені төлеу үшін, қарыз алушы К. мерзімі өтіп кеткен төлемдерді төледі.

ХАБАРЛАНДЫРУ

04/03/2024
Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесімен Қазақстан Республикасының жергілікті соттарының судьялары мен төрағаларының бос лауазымдарына конкурс жарияланған болатын.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Кеңесі регламентінің 44-тармағын орындау мақсатында Соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің отырысы 2024 жылғы 05 наурызда сағат 11.00-ге, жалпы отырыс 2024 жылғы 06 наурызда сағат 16.00-де тағайындалғанын хабарлаймыз.
Төменде көрсетілген кандидаттар конкурсқа Солтүстік Қазақстан облысынан қатысып отыр.

Сот орындаушыларының қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді

04/03/2024
Солтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында сот орындаушыларының қатысуымен «Мүлікті бағалау актісін қабылдау кезінде сот орындаушыларының әрекеттеріне дау қою» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Іс шараға жеке және мемлекеттік сот орындаушылар қатысты.
Іс-шараны ашқан сот төрағасы Бердібек Мұстафин мүлікті бағалау актісін қабылдау кезінде сот орындаушыларының әрекетіне дау туғызатын істер санатының өзектілігін атап өтті

Солтүстік Қазақстан облыстық сотында жалпы отырыс өтті

29/02/2024
Солтүстік Қазақстан облыстық сотында жалпы отырыс өтіп, Мемлекет басшысының 2024 жылғы 22 ақпандағы №486 Жарлығымен тағайындалған судьялар таныстырылды.
Жарлыққа сәйкес, Петропавл қалалық сотының судьясы лауазымынан босатыла отырып, Солтүстік Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы  болып Сәуле Зейнатуллақызы Литфуллина тағайындалды. 

Аққайың аудандық сотында әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс қаралды

27/02/2024
Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың аудандық сотында Қазақстан Республика аумағында «Binance» криптовалюта биржасы арқылы қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді  айырбастау қызметін жүзеге асырған Смирново аулының тұрғыны азамат Т.-ға қатысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс қаралды, яғни ол уәкілетті органның рұқсатынсыз қамтамасыз етілмеген цифрлық активті, атап айтқанда «Эфириум» криптовалютасын заңсыз саудалаған.
Сот отырысында аз. Т.кінәсін мойындады.

Ювеналды соттың судьялары Өңірлік коммуникациялар қызметінде сөз сөйледі

23/02/2024

Кәмелетке толмағандар істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьялары Әлия Жұмабаева мен Арай Әбілмәжінова Солтүстік Қазақстан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингке қатысып, сотта кәмелетке толмаған балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау туралы әңгіме жүргізді.

Беттер