Жол-көлік оқиғасы бойынша үкім шығарылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Солтүстік Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Е.-ге қатысты қылмыстық істі келісімдік іс жүргізумен қарады.
 
Соттың анықтағаны
2023 жылғы 05 тамызда шамамен сағат 23.30-да М.Жұмабаев ауданында орналасқан автожолда Е. «Toyota Land Cruiser 100» маркалы автокөлікті басқарып келе жатып, Х. мен К.-ні қағып өтіп, сондай-ақ «Аudi-80» маркалы автокөлікпен соқтығысты. Жол-көлік оқиғасының нәтижесінде алған дене жарақаттарының салдарынан Х. және К. оқиға орнында қайтыс болған. Соқтығысуға жол берген соң, қылмыстық жауаптылықтан жалтару мақсатында, Е. қылмыс орнынан жасырынып, жол-көлік оқиғасы болған жерден кетіп қалған.
Сот отырысында сотталушы Е. прокурормен процестік келісімді жасасуға мүмкіндік беру туралы өтінішхат мәлімдеді.
Қылмыстық процестік кодекстің 613-бабына сәйкес, мұндай келісімді жасау үшін жәбірленушілердің келісімін алу міндетті шарт болып табылады. 
2024 жылғы 01 наурызда прокурор мен сотталушы Е.-нің арасында жәбірленушілердің келісімімен процестік келісім жасалып, құжатта прокурорды сотта Е.-ге қылмыстардың жиынтығы бойынша 7 жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айыра отырып, 5 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі түпкілікті жаза тағайындау туралы өтінішхат мәдлімдейтіні көрсетілді.
Келісім шарты бойынша сотталушы Е. іс жүргізу шығындарын және Жәбірленушілерге өтемақы қорына мәжбүрлі төлем төлеуге шара қабылдауға міндетті.
 
Соттағы тараптардың ұстанымы
Прокурор сот алдында Е.-ге процестік келісімде көрсетілген жазаны тағайындау туралы өтінішхат мәлімдеді.
Қорғаушы тарап процестік келісім мен прокурор сұраған жазаны қолдады.
 
Сот қабылдаған шешім
 
Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігінің санкциясы 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын көздейді; ҚК-нің 347-бабы 2 жылға бас бостандығынан айырудан бөлек айыппұл, түзеу, қоғамдық жұмыстары және бостандықты шектеу сияқты өзге жаза түрлерін көздейді.
ҚК-нің 55-бабы 3-бөлігіне сәйкес, процестік келісімнің барлық шарттары орындалған істер бойынша жасалған қылмыстық құқық бұзушылық үшін жазаның негізгі түрінің мерзімін немесе мөлшерін ең жоғары мерзімнің немесе мөлшердің жартысынан асыруға болмайды, сондай-ақ кінәні мойындау туралы келісімде көзделген жазадан қатаңдау жаза тағайындауға соттың құқығы жоқ.
Е.-нің процестік келісімнің барлық шарттарын орындағанын ескере отырып, сот тараптардың пікірін ескере келе, қылмыстардың жиынтығы бойынша 7 жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айыра отырып, 5 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі түпкілікті жаза тағайындады.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Источник: 
СҚО ҚМАС