Солтүстік Қазақстан облыстық сотында Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты іс-шара өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Іс-шараны облыстық соттың төрағасы Ербол Жанғазин ашты. Құттықтау сөзінде ол нәзік жандылардың еңбегі талап етілмейтін салалар қалмағанын атап өтті. Қазіргі заманда әйел адам тек қана ошақ басындағы тірлікті бітіріп қана қоймай, бүкіл қоғамның игілігі үшін қызмет етіп келеді. Әйел – барлық қиындыққа төтеп беретін сарқылмайтын күш, тірліктің қайнар бұлағы, ыстық та, кіршіксіз махабаттың, сұлулықтың символы.           
Іс-шара барысында облыс соттарының судьялары мен мамандары Құрмет грамоталарымен және Алғыс хаттармен марапатталды.
Облыс соттары ұжымының әйелдер қауымының назарына салтанатты концерт ұсынылды.
Источник: 
Солтүстік Қазақстан облыстық соты