Департамент басшысына ақшалай өндіріп алу салынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Солтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының ұйғарымымен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнің мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің облыстық басшысына республикалық бюджеттiң кiрiсiне 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ақшалайөндіріп алу салынды.
Азамат К.-ның хаттаманы қабылдау әрекеттерін заңсыз деп тану және бағалау есептерін сенімсіз деп тану туралы талап арызы бойынша әкімшілік істі қарау кезінде сот өз ұйғарымымен жауапкер – «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiнiң Солтүстік Қазақстан мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті» ММ-не  2024 жылғы 12 ақпанға дейiн талап арызға жоғары тұрған әкiмшiлiк орган басшысының дәлелдi ұстанымын қоса  пікір ұсыну міндеттелген. Дәл сол ұйғарымда жауапкерге құқықтық салдарлар түсіндірілді, яғни талапты орындамағаны үшін сот 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ақшалай айыппұл салуға құқылы. 
Алайда, сот белгілеген мерзімде жауапкер жоғары тұрған әкімшілік орган басшысының дәлелді ұстанымын ұсынбаған және сот ұйғарымының орындалмау себептері туралы сотқа хабарламаған.
ӘРПК-тің 127-бабының 4-бөлігіне сәйкес талапты, соттың талабын, сұрау салуын орындамағаны, әкімшілік іске қатысушы адамның сотқа келмегені, сотқа уақтылы хабарламағаны, кері қайтарып алуды уақтылы бермегені, сот отырысында төрағалық етушінің өкімдеріне бағынбағаны, сотта белгіленген қағидаларды бұзғаны, сондай-ақ сотты және (немесе) судьяны құрметтемегені туралы анық куәландыратын өзге де әрекеттер (әрекетсіздік) үшін сот жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ақшалай өндіріп алуды қолдануға құқылы.
ӘРПК-нің 138-бабы жауапкерге жоғары тұрған органға дәлелді ұстанымын ұсыну жауапкершілігін жүктейді.
Департамент  басшысы сотқа дәлелді ұстанымын ұсынбау себебін сотқа түсіндіре алмады.
Аталған мәселені қарау нәтижесінде сот ұйғарымымен департамент басшысына 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, яғни 73 840 теңгені құрайтын республикалық бюджет кірісіне ақшалай өндіріп алу салынды.
Айта кетерлігі, ӘРПК күшіне енгеніне екі жылдан астам уақыт өтсе де, осыған қарамастан, кейбір әкімшілік органдар әлі де болса өздерінің іс жүргізу міндеттерін тиісінше орындамауда.
Ақшалай өндіріп алу соммасы департамент басшысымен төленді.
Сотт ұйғарымы заңды күшіне енді.
Қайнар: 
Солтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық соты