Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің қызметкерлерімен мемлекеттік қызметшілердің этикалық нормаларды сақтауы тақырыбында семинар өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Ренат Темірбаев баяндама жасады.
«Мемлекеттік қызметті атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің моральдық-этикалық бейнесіне жоғары талаптар қояды» - деп атап өтті Р. Темірбаев.
Әдеп жөніндегі уәкіл семинарға қатысушылардың назарын мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлық стандарттарына аударды, сондай-ақ олардың оң моральдық келбетін сақтаудың маңыздылығын атап өтті.
«Мемлекеттік қызметшілер заңдылық қағидатын, Қазақстан Республикасының Конституциясының, заңдарының және өзге де нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын басшылыққа алады, жеке және заңды тұлғалардың құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын жәнне қорғалуын қамтамасыз етеді, олардың өтініштерін қарау кезінде бюрократия мен әуре-сарсаңға салуға жол бермейді», - деп қорытындылады Р.Темірбаев.
Қайнар: 
Солтүстік Қазақстан облыстық соты