Сотпен негізсіз пайда көруін өндіріп алу туралы талап қою қанағаттандырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
СҚО Уәлиханов аудандық сотымен талапкер  К. жауапкер Т.-ден  негізсіз пайда көруін өндіріп алу туралы талап қою бойынша  азаматтық іс қаралды.
Талапкер  К., терең алдамшы күйінде бола тұра, телефон арқылы бейтаныс адамға  банктік косымшаларының барлық өзінің кодтарын және парольдарын айтты. Екінші күні ол, оның атына Банкте 5 млн. 730 мың теңгеге несие рәсімделгенің және басқа есеп шоттарына аударылғаны туралы білді. Ол полиция бөліміне жүгінді, онда  қылмыстық іс қозғалып, ақша оның есеп шотынан әртүрлі есеп шоттарға аударылып, Астана және Уральск қалаларының терминалдарынан есеп шоттардан шешілгенің анықтады. Ақшаны шешіп алған тұлғалар анықталған жоқ. Бір тұлға Т. ғана анықталды, оның есеп шотына несие соммасының бір бөлігі ғана түсті және белгісіз тұлғамен сол уақытта шешілді.
Т. айтуы бойынша,  оған белгісіз адам «Telegram» мобильдік қосымшасы арқылы, ақшалай сыйақы үшін, екінші деңгейдегі банктерде есеп шоттарды ашуға ұсынды. Ол есеп шоттарды рәсімдеді, мәліметті ұсынды және сыйақы алды. Осының барлығы мобильді түрде жасалды. Ол ақшаны алмағандықтан, талапкер К. ақша қаражатын қайтаруға міндетті емес екендігін санады.
Сот шешімімен талап қою қанағаттандырылды.  Өтініште көрсетілген негізсіз пайда көрген сомма толық көлемде өндіріп алынды. Сот көрсетті ақша қаражаты Т., яғни ол өз еркі бойынша есеп шотты ашып, мәліметті басқа адамға беруімен байланысты, негізсіз аударылды. Банктік есеп шотты ашуына және оны пайдалану кезінде жасалған іс-әрекеттер бойынша жауапкершілік, есеп шоттың (картаның) иесіне жүктеледі. Бұл, жауапкер есеп шоттың иесі және ақша қаражатының алушысы бола тұра, талапкерге көрсетілген көлемде негізсіз алынған ақша қаражатын қайтаруға міндетті екені саналады.
Шешім заңды күшіне енді.
Қайнар: 
Уәлиханов аудандық соты