Ақжар аудандық соты жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу мақсатында ұйымдастырылған бос орындар жәрмеңкесіне қатысты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық соты «Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ-мен бірлесіп, азаматтарды жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу мақсатында ұйымдастырылған бос орындар жәрмеңкесін өткізді.
Іс-шараға Ақжар аудандық сотының әкімшісінің басшысы Ғалия Темірбаева және жергілікті атқарушы органдар қатысты.
Жәрмеңке барысында Ғалия Темірбаева мемлекеттік қызметке орналасуға жұмысқа орналасқысы келетін азаматтарға Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық соты әкімшілігіндегі бос және уақытша бос лауазымдарына орналасуға конкурсқа қатысуға кеңес берді.
Қайнар: 
Ақжар аудандық соты